Сыпайылық (әдептілік, ізеттілік) — адамдарды сыйлау, қарым-қатынас пен өзара қатынастың күнделікті нормасы мен ережесіне айналған, айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың әдетті тәсілі болып табылатын тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық қасиеті, мінез бітісі.
Ізеттілік – адамның әдептілігін, сыпайылығын, өнегелілігін, қарапайымдылығын білдіретін этикалық ұғым. Халқымыз өнегелі ісімен көзге түскен адамды, әсіресе, жастарды “Ізетті жан” деп атаған. Ізетті адам деп жақсы тәрбие алып, оны іс жүзінде қолданған адамды айтады. Ізеттілік белгілі бір тапсырманы іскерлік және саналылықпен атқарғандықтан да көрінеді.Сол сияқты “ізет көрсету” деп адамды сыйлау, құрметтеу мағынасында қолданылады.
Дереккөздер
- Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет.
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер