Ішкі құлақ (внутреннее ухо); (auris interna, лат. auris — құлақ, interna — ішкі) — есту және тепе-тендік сақтау рецепторлары орналасқан құлақ бөлігі. Ол самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады, сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған. Осы екі шытырман аралығындағы лимфа сұйығын деп атайды. Ал жарғақтық шытырман қуысындағы сұйықты дейді. Сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырандар үш бөліктен құралған. Олар: кіреберіс (саға), үш жартыдөңгелекше өзек және ұлу (иірілімді өзек). Кіреберістің жарғақтық шытырманын бір-бірімен жіңішке эндолимфалық өзекпен жалғасқан сопақ және дөңгелек қапшықтар құрайды. Сопақ қапшық () бір-бірімен өзара перпендикулалы жазықтықтарда (сагиттальды, сегментальды және фронтальды) орналасқан үш жартыдөңгелекше жарғақтық өзектермен, ал дөңгелек қапшық (саккулюс) қысқа өзек арқылы жарғақтық ұлу өзегімен жалғасады. Бұлардың ішінде эндолимфа сұйығы болады. Есту талдағышының рецепторлары — жарғақтық шытырманның ұлу өзегін бойлай орналасқан иірілімді мүшеде (Корти мүшесінде) орналасқан. Жарғақтық ұлу өзегі — сүйектік ұлу қуысында болады. Тепе-тендік мүшесінің рецепторлары жарғақтық қапшықтардың ішкі бетіндегі "дақ" (макула) деп аталатын дөңесінде және жарғақты жартыдөңгелекше ампуласының ішкі бетіндегі "қырша" деп аталатын дөңестеу жерінде орналасады. Бастың немесе дененің кеңістіктегі өзгеру жағдайы туралы ақпарат осы аталған құрылымдарда түзіледі.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер