АПОЭЛ (грек. ΑΠΟΕΛ, Αθλητικός Ποδοσφαιρικός Όμιλος Ελλήνων Λευκωσίας, Атлитикос Подосфэрикос Омилос Эллинон Лефкосиас – Никосия қаласындағы гректердің атлетикалық футбол клубы) — Кипрдегі Футбол клубы, Никосия қаласынан. Елдегі ең күшті команда.
Тарихы
Команда 1926 жылы құрылды. Оны құрған – қаладағы грек жастары. 1928 жылға дейін ПОЭЛ аталған, сосын "атлетикалық" деген сөз қосылып, қазіргі атауға өзгертілді. 1934 жылы Кипр Футбол Федерациясы құрылды да, алғаш ұйымдастырылған ұлттық чемпионатта АПОЭЛ топ жарды.
1948 жылы Грекиядағы азамат соғысына байланысты команда мүшелері екі лагерге бөлініп кетті, бөлінген тарап коммунстерді жақтап, өз алдарына "Омония" командасын құрып алды. Осылайша елде екі клуб бір-бірімен осы күнге дейін принсипалды қарсылас атанып келеді.
Еуротурнирлердегі ең жақсы нәтижесіне 2011/12 жылғы маусымда қол жеткізді. УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турнирінде күтпеген жерде бірінші орын алып, 1/8 финалға шықты. 1/8 финалда Францияның "Лион" командасымен кездесті. Әуелі сырт алаңда 0:1 есебімен ұтылды да, өз алаңында 1:0 есебімен ұтып, пенальтлер сериясында кипрліктердің жолы болды. Бірақ шиек финалда Мадридтің "Реалы" бұларды екі ойында да ұтты – 0:3, 2:5.
Чемпиондар Лигасында соңғы рет 2017/18 маусымда өнер көрсетіп, топтық турнирде соңғы орында қалды.
Жетістіктері
- Кипр чемпионы (29 рет): 1935/36, 1936/37, 1937/38, 1938/39, 1939/40, 1946/47, 1947/48, 1948/49, 1951/52, 1964/65, 1972/73, 1979/80, 1985/86, 1989/90, 1991/92, 1995/96, 2001/02, 2003/04, 2006/07, 2008/09, 2010/11, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2023/24
- Кипр кубогы (21): 1936/37, 1940/41, 1946/47, 1950/51, 1962/63, 1967/68, 1968/69, 1972/73, 1975/76, 1977/78, 1978/79, 1983/84, 1992/93, 1994/95, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 2005/06, 2007/08, 2013/14, 2014/15
- Кипр суперкубогы (13):1963, 1984, 1986, 1992, 1993, 1996, 1997, 2002, 2004, 2008, 2009, 2011, 2013
Атақты ойыншылары
Ставрос Георгиу
Яннос Иоанну
Константинос Макридис
Костас Малеккос
Михалис Морфис
Стелиос Оккаридес
Андрос Сотириу
Ясумис Ясуми
Андреас Стиляну
Такис Антониу
Эмерсон
Кальман Ковач
Спирос Марангос
Михалис Капсис
Маринос Узунидис
Никос Махлас
Хамильтон Рикард
Рональд Гомес
Яне Николовски
Милан Стояновски
Құрамы 2016/17
|
|
- GK - қақпашы
- DF - қорғаушы
- MF - жартылай қорғаушы
- FW - щабуылшы
Қазіргі құрамы
|
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер