Абылай хан даңғылы - Алматы қаласындағы орталық көшелердің бірі. Даңғыл қаланың Алмалы және Жетісу аудандарында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек батыр даңғылынан төменірек орналасқан басталып Абай даңғылында орналасқан Ұлттық кітапхана ғимаратына барып тіреледі. Даңғылдың ұзындығы - 4200 метр. Алматы қаласы әкімінің 23.10.1991 күнгі № 15/398 шешімімен даңғылға қазақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның есімі берілген. Даңғыл екі бағытты жол болып есептеледі.
Тарихы
Абылай хан даңғылы бұрын Коммунистік проспект деп аталды. Ал оның алдында Вокзал, Сталин және Старокладбищенская деп аталатын. Даңғыл 1935-37 жылдары көшенің батыс жағында үш халық комиссариатының ғимараттары салынған кезден пайда бола бастады. Алматы қаласы астана болған кезеңде даңғыл бойында ҚазССР Үкімет үйі, Қазақстан КП Алматы обкомы, Халық депутатттары Советінің облыстық және қалалық атқару комитеттері, Денсаулық сақтау, Ет және сүт өнеркәсібі, Сауда, Қаржы Ауылшаруашылық министрліктері, Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазТАГ, ҚазССР халықтық бақылау комитеті, Орыс драма театры, Алматы рестораны, Астаналық гастраномы орналасқан болатын. Бұрынғы Үкімет үйінің солтүстік жағындағы әскери-ревкомның үйі болған жерде мемориалды ескерткіг белгі қойылған, мұнда 1918 жылдың 3 наурызына қараған түнде Верныйда Совет үкіметі орнағаны жарияланған болатын.
Ескерткіштер
Абылай хан даңғылы қаланың орталығында орналасқандықтан оның бойында көптеген өнер ордалары және архитектуралық ескерткіш ретінде танылған ғимараттар орналасқан.
Тарихи ғимараттар
- Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (1950 жылы Сәулетшілер: , , В.Кацев, );
- Балалар әлемі
- (1956 жылы Сәулетші: );
- .
- Қазақ ССР Жоғары кеңесінің ғимараты (Қазақ-британ техникалық университеті)
- Орталық әмбебап дүкен (Заңғар сауда үйі)
- Столичный дүкені
- Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
- Парк
Ескерткіштер:
- Абылай хан ескерткіші (Мүсінші:С.Баймағамбетов, , 2000 жылы);
- (1947 жылы Мүсінші: ) орнатылған.
Абылай даңғылында орналасқан мекемелер тізімі
Дереккөздер
- ["Алматы" энциклопедиялық анықтама, Алматы қаласы, "Қазақ Совет энциклопедиясының" Бас редакциясы, Бас редактор - М.Қ.Қозыбаев, 1983 жыл]
- Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: “ИП Волошин” баспасы, 2009.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер