Август Пауль фон Вассерман (нем. August Paul von Wassermann; 21 ақпан 1866, Бамберг — 16 наурыз 1925, Берлин) — неміс микробиологі және иммунологі. Тегі - еврей. Страсбург, Вена және Берлин университеттерінде оқыған. Ұстаздары - Роберт Кох пен Пауль Эрлих болған.
Август Вассерман | |
Август Пауль фон Вассерман (нем. August Paul von Wassermann) | |
![]() Август Вассерман | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Бамберг |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Берлин |
Азаматтығы | GER |
Ғылыми аясы | Микробиология |
Вассерман 22 жыл Берлиндегі Кох атындағы институтта қызмет істеген (1891-1913). Эксперименттік серотерапия институтын (1913-1925) басқарды. Оның негізгі зерттегені - науқастың ағзасында иммунитеттің пайда болуына байланысты қан сарысуындағы өзгерістер туралы. Вассерман кейбір дені сау адам қанына қызамық ауруы токсинінің уытын нашарлататын заттардың кездесетінін, мұндай адамдар қызамықпен ауырмайтынын анықтады. Оның атағын дүние жүзіне әйгілі еткен 1906 ж. ұсынған «Вассерман реакциясы». Бұл реакция арқылы мерез ауруын анықтауға мүмкіндік туды. Бұл реакция қазір медицинада түрлі мерез, соз, туберкулез т.б. ауруларын анықтау үшін қолданылады. 1901 ж. Уленгутпен бірге ол иммунитет реакциясын түрлі жануарлардың ақуызын анықтау үшін қолдануды ұсынды. Бұл әдістің, әсіресе, сот медициналық экспертизада маңызы зор. Вассерман көп томды " Патогендік микроағзалар" деген еңбектің авторы.
Шығармалары
- Hämolysine, Cytotoxine und Präcipitine, Lpz., 1902.
- Handbuch pathologenen Mikroorganismen, 2 Aufl., Bd. 1—8, Jena, 1912—13.
Дереккөздер
- August von Wassermann (ағыл.). Albert Einstein Archives // Einstein Papers Project. Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 қараша 2012. Тексерілді, 15 қараша 2012.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер