Автоматтандыру — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:
- технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
- күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;
- цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
- , медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWlMMkkyTDBOdmJuUnliMnhmY205dmJWOXdkRjkwZFhCd1pYSXVhbkJuTHpJeU1IQjRMVU52Ym5SeWIyeGZjbTl2YlY5d2RGOTBkWEJ3WlhJdWFuQm4uanBn.jpg)
Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.
Тарихы
Ең алғашқы кері байланысты басқару механизмі грек инженері Ктесибий (285-222 жж. б.з.д.) ойлап тапқан су сағаттары болды. 1620 жылы голландтық ғалым Корнелия Дреббел (1572-1633 жж) термостатты ойлап тапты. (Ескерту: Одан бұрынғы термостаттар тұрмыстық техникаларда кең таралған емес, температура реттегіштері немесе контроллерлері ғана болды.) Жел диірмендерінің шатырларында басқа басқару тетігі қолданылған. Оны 1745 жылы Эдмунд Ли патенттеген патенттеп алған. Сондай-ақ 1745 жылы Жак де Вокансон(1709-1782 жж) алғашқы автоматтандырылған тігін машинасын жасап шығарды. Ең алғашқы толықтай автоматтандырылған диірменді 1785 жылы Оливер Эванс(1755-1819) ойлап тапты.
Сондай-ақ қараңыз
Дереккөздер
- Do I need smart home wiring?. luminsmart.com (ағыл.)
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер