Агат — минерал, ақықтың (халцедон) бір түрі. Химиялық формуласы SiO2 , қаттылығы 6,0—6,5. Түрлі түсті жұқа қабаттардың қатпарлануынан тұратын жасырын кристалды агрегаттары талшықты немесе радиал сәулелі түрде кездеседі. Агаттың түсі құрамындағы темір, марганец т.б. металдардың тотықтары мен органикалық қоспаларға байланысты болады. Қабатшаларындағы түстердің кезектесіп келуіне қарай (ақ және қара), (қызыл және ақ), (күрең және ақ) т.б. түрлерге бөлінеді. Шығыс халықтары Агаттың ақаусыз, өте әдемі түрлерін әшекей тас ретінде ертеден қолданып келеді. Эффузивті тау жыныстарында түзілуіне байланысты Қазақстанда Агаттың кен орындары көп (Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облысы).
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODJMelpqTDBGbllYUmxYMkpoYm1SbFpGODNOVEJ3YVhndWFuQm5Mekl5TUhCNExVRm5ZWFJsWDJKaGJtUmxaRjgzTlRCd2FYZ3VhbkJuLmpwZw==.jpg)
Агат келі
Қатты заттарды үгітуге арналған агат минералынан жасалған зертханалық құрал.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер