Адаптация (лат. adaptatio — бейімделу) — жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілік ортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.
Түрлері
- Биологиялық адаптация
- Этникалық адаптация
- Психологиялық адаптация
Онтогенездік бейімделу
Филогенездік бейімделу
Филогенездік бейімделу — бұл эволюция барысында кез келген ағзалар тобында қалыптасатын бейімделгіштіктің бүкіл кешені. Өсімдіктер мен жануарлардың әрбір түрдің қоршаған орта жағдайларына өзінің бірегей бейімдігі болады. Азырақ бейімделген ағзалар немесе түрлер өмір сүре алмайды, олар жағдай өзгерген кезде эволюция барысында өліп біткен. Жерде климат жылы, өте ылғалды болғанда ұрықтануына су қажетті қосмекенділер және споралы өсімдіктер үстемдік етеді. Климат едәуір ыстық, құрғақ, бірақ маусымдық өзгеріссіз, мұзбасу болған кезде () – динозаврлар және қарапайым ашықтұқымды өсімдіктер үстемдік көрсетті. Климат енді ғана едәуір салқындап, температура маусымды және тәуліктік төмендегенде және мұзбасу болғанда жылықанды құстар және сүтқоректілер үстемдік ете бастады. Сонымен бірге, кейбір түрлер өте жақсы бейімделді. Мысалы, сарышаяндар Жерде 400 миллионнан астам жыл өмір сүріп келеді.Олар соңғы 300 миллион жылда аз өзгерді. Келестер тап қазіргідей түрде ең кемі, шамамен, 100 миллион жыл өмір сүріп келеді. Бөкендер де 40 миллион жылдан артық өмір сүруде. Бұл ағзалардың мекен ету ортасының жағдайы аз өзгерді, сондықтан да олардың бейімделуі ең тиімді болып қала береді.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б.
- Биология 10 сынып 2014 жыл
![]() | Бұл — биология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер