Адрес (франц. adresse — бағыттау) — 1) Есептеу техникасында —
- мәліметтер орналастырылатын жад өрісінің (ұяшықтар немесе есте сақтау құрылғысының аймағы) символдық белгісі;
- адрес деп ЭЕМ командасының адрестік бөлігін де атайды;
- компьютер желілерінде — бір жерден екінші жерге берілетін мәліметтерді жіберуші мен алушының тұрған орындары.
Адрес(Адрес; address) — құрылғыны немесе жад ұяшығын белгілейтін сан, символ немесе символдар тобы. Мысалы, 1) ақпарат элементінің компьютер жадында орналасқан орнын көрсететін цифрлардан тұратын немесе цифр мен әріп араласқан белгі; 2) команданың мәліметтер орналасқан орынды немесе мәліметтердің өзін анықтайтын кез келген бөлігі; 3) есептеу торабының жұмыс бекетін немесе есептеу торабы арқылы тасымалданып жатқан мәліметтер кестесін нақты анықтайтын сандар жиыны; 4) компьютердің жедел жадына мәліметтер жазу/оқу үшін қолданылатын оның кез келген ұяшығының нөмірі; 5) байланыс желілеріндегі электрондық пошта немесе Интернет мәліметтерінің (хабарламаларының) адресі. Электрондық пошта адресі, мысалы, BAXIT@NURSAT.KZ, мұнда @ белгісі арқылы екіге бөлініп жазылған "кімге" (пайдаланушының аты Baxit) және"қайда" деген домен (түйінді компьютерлер) аты мен мекеменің типі немесе әртүрлі деңгейдегі домендік адрестерден құралады.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер