Азия жалпаққұлақты жарқанаты (лат. Barbastella leucomelas) – қолқанаттылар отрядының тұқымдасына жататын сүтқоректі. Қазақстанда Азия жалпаққүлақты жарқанаты әзірге 3 жерден: Іле Алатауының шығыс және маңындағы үңгірден, Жаркент қаласындағы ескі ғимараттардың шатырларынан ұсталған. Өзен бойындағы жартасты жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 48-53 мм, қанат сүйегінің ұзындығы 42 мм. Арқасы ақшыл, бауыры ақ түсті. Тұмсығы келте, түбіне қарай бірігіп кеткен құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын келеді, қанат жарғағы қара қоңыр болады. Жылдам әрі мәнерлі ұшады. Түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. Жылына бір рет көбейіп, 1-2 жарқанат туады. Азия жалпаққүлақты жарқанаты тіршілігінің көп қырлары ғылымға әлі беймәлім. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1996).
Азия жалпаққұлақты жарқанаты | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Barbastella leucomelas Cretzschmar, 1826 |
Статус
IV-ші санат. Зерттелмеген түр.
Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Солтүстік Тянь-Шань тауына енген алдыңғы азия – үндіқытайлық түр.
Таралуы
мен Солтүстік Индиядан Үндіқыстай мен Жапонияға дейін таралған. Орта Азияда Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның оітүстігінен белгілі. Қазақстанда әзірге екі жерлен: Бартоғай мен Қорам селосының маңынан (Іле Алатауы) табылып отыр.
Мекендейтін жерлері
Орта Азияда жартылай шөлейпіті ормансыз қоныстарда және құрғақ тау етектерінде мекендейді. Қазақстанда табылған екі жарқанат Іле Алматауы етегінен 1200 м биіктіктен қазылған қазба орнының қабырғасынан және сазды үңгірден табылған. Қыста тау етектеріндегі жазықта, үңгірлерде кездессе, ал жазда тауда 2200 м биіктікке дейін мекендейді.
Саны
Мәлімет жоқ.
Негізгі шектеуші факторлар
Белгісіз.
Биологиялық ерекшеліктері
Қазақстанда мәлімет жоқ. Өзбек зоологтары Қазақстанның оңтүстік шекарасынан 20 шақырымдай жердегі Қарақамыс селосы маңындағы үңгірде бұл жарқанатты көргенін хабарлады. Мұнда олар қыркүйек айының бірінші онкүндігінде ұшып келеді. Осындағы үңгірлер мен қуыстарда қыстап шығып, сәуір айында қоныс аударады. Кейбіреулері мамыр-маусым айларына дейін осы маңда тіршілік етеді. Ташкент маңындағы үңгірлерде 1-ден 3-ке дейін бұл жарқанат кездескен. Бір-бірінен алыстау қоныстанады. Мамырдың алды мен маусымда 1-2 жас жарқанат дүниеге келеді. Жазда тау құздарындағы қуыстарды мекендесе, қыста үңгірлерде қыстайды. Насекомдармен қоректенеді.
Қолда өсіру
Мәлімет жоқ.
Қабылданған қорғау шаралары
Алматы қорығы мен «Алтынемел» ұлттық паркінде қорғалады.
Қорғауды керек ететін шаралар
Анықталған жоқ.
Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Қорғау шараларын белгілеу үшін биологиясын зерттеу керек.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — зоология бойынша мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер