Мұзтау (айсберг; ағылшынша iceberg, ice — мұз, berg — тау) — мұхит пен теңіздерде жүзіп жүретін немесе қайырлап шөккен аса ірі мұз кесегі, басқаша айтқанда мұздықтардан бөлінген ірі шойтасты мұздар.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelUyTDBsalpXSmxjbWRmUVc1MFlYSmpkR2xqWVY5bFpHbDBNUzVxY0djdk1qSXdjSGd0U1dObFltVnlaMTlCYm5SaGNtTjBhV05oWDJWa2FYUXhMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek01TDBkc1lXTnBaWEp6WDJGdVpGOUpZMlZpWlhKbmMxOWhkRjlEWVhCbFgxbHZjbXN1YW5Cbkx6SXlNSEI0TFVkc1lXTnBaWEp6WDJGdVpGOUpZMlZpWlhKbmMxOWhkRjlEWVhCbFgxbHZjbXN1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemMxTDBsalpXSmxjbWN0UVc1MFlYSmpkR2xqWVM1cWNHY3ZNalV3Y0hndFNXTmxZbVZ5WnkxQmJuUmhjbU4wYVdOaExtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemRoTDBsalpXSmxjbWRmU1d4MWJHbHpjMkYwTG1wd1p5OHlOVEJ3ZUMxSlkyVmlaWEpuWDBsc2RXeHBjM05oZEM1cWNHYz0uanBn.jpg)
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWhMMkZqTDBsalpXSmxjbWN1YW5Cbkx6RTFNSEI0TFVsalpXSmxjbWN1YW5Cbi5qcGc=.jpg)
Мұзтаулар (ағылшынша іceberg, голландша іjsberg; іce, іjs – мұз, berg – тау деген мағынаны білдіреді) мұздық шетінің сынып (судың гидростатикалық қысымының, лықсудың, ағыстың, желдің әсерінен) суға түсуінен пайда болады. Олар мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүреді немесе теңіздің таяз жері – қайырда шөгіп жатады. Мұзтаулар, әсіресе Солтүстік жарты шардағы – Гренландия, Канаданың Арктикалық топаралдары жағаларында, Оңтүстікте – Антарктида жағасында жиі кездеседі. Мұз бен судың тығыздығына байланысты мұзтаулар көлемінің 83 – 90%-ы судың астында болады, қалған бөлігі су бетінде орта есеппен 70 м (Арктикада) – 100 м-ге (Антарктикада) дейін көтеріліп тұрады, ал ұзындығы бірнеше ондаған км-ге жетеді. Гренландия мұзтаулары Шығыс Гренландия және арқылы 40 – 50° солтүстік ендікке дейін, ал кейбір жағдайларда , аралдарына дейін жүзіп барады; Антарктида мұзтаулары 45 – 60° оңтүстік ендікке дейін жетеді. 1894 ж. мұзтаулардың 26° оңтүстік ендіктегі тропиктік белдеуден де байқалғаны тіркелген. Мұзтауларға көптеген кемелер соқтығысып, апатқа ұшыраған (мысалы, 1912 ж. “Титаник”, 1959 ж. “”). Полярлық аймақтардағы материктік мұздықтардың жылжып теңізге жеткен шеттерінің омырылып бөлінуінен пайда болады ( мен мұздықтары және басқалар). Олардың көлемінің 90%-ға дейінгі бөлігі су астында болады. Су үстіндегі бөлігі су бетінен 70-100 м көтеріледі. Теңіз ағыстары мұзтауды төмен ендіктерге алып кетеді. Мұзтау онда біртіндеп еру барысыңда жойылады.
Дереккөздер
- , 6 том.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер