Академия — ғылыми қоғамдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы. "Академия" сөзі гректің Akademos деген мифтік батырының атынан шыққан. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда Афины маңындағы "қасиетті бақ" сол батырдың атымен аталып, онда Платон өз шәкірттеріне оқыған. Ғылыми мекемелерде, оқу орындарында "академия" атауы содан бері қолданылып келеді. Эллинизм дәуірінде академия типіне жақын ғылыми қоғамдар пайда болды (мысалы, Александрия мусейоны, Біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр). Орта ғасырлық шығыста Бағдадтағы "Ғалымдар үйі" ("Байту-л-хикма-академия", 9 ғасыр), Хорезмдегі "Маъмун академиясы" (11-ғасырдың басы), Мараға обсерваторияларындағы (13 ғасыр), Самарқандағы (15 ғасыр) ғылыми қоғамдар алғашқы академиялық орталықтар іспетті болды. Еуропада (15-16 ғасырлар) Италияның әртүрлі гуманитарлық ғылыми қоғамдары академия деп аталды. Ғылыми орталық ретіндегі академиялар 17 ғасырдан бастап Лондонда (1660), Парижде (1666), Берлинде (1700) құрылды. Ресейде ҒА-сы 1725 жылы ашылды. Қазақстанда 1946 жылы құрылды. Қазақстанда бірнеше салалық академиялар (Ауыл шаруашылық Ғылым Академиясы, Медициналық Ғылым Академиясы, Көлік және коммуникация Академиясы Педагогикалық Ғылым Академиясы, Көркемсурет, Гуманитарлық Ғылым Академиясы, Жоғары әскери Академиясы т.б.) бар.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер