Алголь, Персейдегі бета (араб: алголь — , албасты) — көгілдір ақ түсті тұтылмалы айнымалы Қосаржұлдызы. Жалтырауы 2 тәул. 20 сағ. 49 мин. аралығында 2,1-дан 3,4 жұлдыздық шамаға дейін өзгереді. Алгольдің диам. 5 млн. 800 мың км, беткі температурасы 15.000 К, массасы Күннен 4,6 есе артық.
Алгольға алғаш рет 1667 жылы Италия астрономы және математигі Монтанари назар аударған. 1889 жылы Алгольдің спектрлі-қосаржұлдыз екені анықталды. Оның тұтылуы мен жарқырауының айнымалылығы Алгольді 10 млн. 400 мың км қашықтықта айналатын диаметр] 4 млн. км, беткі температурасы 7000 К серігінің көлегейлеуінен болады. Екінші серігі Алгольді тұтылдырмайтын орбита жазықтығында айналғанымен үштік қозғалысқа ұйытқу туғызып, айнымалылық периодының ауытқуына әсер етеді.
Алголь — адам баласы бақылап зерттеген бірінші тұтылмалы . Қазір ғылымға 4000-нан аса Алголь типтес, 2500-ге жуық спектрлі-қосаржұлдыз белгілі.
Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер