Александр Константинович Гейнс (21.08.1834, Ресей — 29.12.1893, Ницца) — қазақ халқының этнографиясын зерттеуші.
2-Константиновское әскери уч-щесін, 1859 ж. Бас штабтың академиясын бітірген. 1865 — 66 ж. қазақтардың әдет құқығы мен қазақ даласының түрлі аудандарындағы шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Г-тің “Қырғыз очерктері” аталатын еңбегінде Өскемен, Семей, Петропавл, Көкпекті, Аягөз, Қапал, т.б. қалалар мен бекіністер, Орынбор, Есіл, Ертіс, Бұқтырма бекініс жүйелерінің салынуы, Жетісу өңіріндегі қазақ-орыс қатынастары, Абылайкит бұтханасының құлаған орны, Лепсі өз. бойындағы қалмақ бейіттері туралы маңызды мәліметтер бар. Ш. Уәлихановтың өмірбаянына қатысты деректер келтірілген. Гейнс қазақ өлкелерін басқару жөніндегі 1867 — 68 ж. сот-әкімш. реформаларын, “Дала облыстарын басқару туралы ереженің” (1891) бастапқы нұсқасын даярлауға қатысты.
Севастополь қорғанысына қатысты. 1863 ж. Полына көтерілісін басуға қатысты. 1867-68 ж. реформа қарсаңында (1865-66) қазақтардың дәстүрлі құқығы мен қазақ даласының түрлі аймағында шаруашылықты жүргізудің ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен шыққан комиссия құрамында болды. Гейнс — "Сырдария, Жетісу облыстарын басқару жөніндегі ереже жобасының" авторы. 1867-69жылдары Түркістан генерал-губернаторы кеңсесінің басқарушысы, Гейнстің 1865-66 ж. Батыс Қазақстанды аралаған саяхатында кең көлемді күнделігі жарық көрді.
Дереккөздер
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
- “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер