Александр Невский, князь Александр (шамамен 1220 – 14.11.1263 жылдары) – саяси қайраткер, қолбасшы, (1236 – 51 жылдары) пен (1252 – 63 жылдары) ұлы князі. ұлы князі ұлы. Шешесі қыпшақ билеушісінің қызы. Алтын Орда билеушісі Бату хан орыс княздіктерін бағындырғаннан кейін ұлы князі өзінің бағынғанының белгісі ретінде ұлы Александрды аманатқа берген. Бату оны өз ордасында өкіл бала ретінде ұстады және үлкен ұлы Сартақпен анда қылды. Осы кезде солтүстік - батыс жерлеріне шведтер мен немістер қауіп төндірді. халқы Батудан көмек сұрады. Бату оларға көмекке Александр бастаған жасақты аттандырды. Швед әскерлері өзенің Нева өзеніне құятын жеріне келіп түскеннен кейін Александр жасағы ладогалықтармен бірігіп, шведтерге тұтқиылдан шабуыл жасап, олардың саны басым әскерлерін талқандады. 1240 жылы өткен Нева шайқасы шведтердің солтүстіктен шабуыл жасау қаупін жойды. Осы шайқас үшін князь Александр “Невский” деген атақ алды. Жеңіс Александр Невскийдің саяси ықпалын күшейтіп, мұнымен бір мезгілде оның боярларымен қарым - қатынасын шиеленістірді. Нәтижесінде Александр Невский тастап кетуге мәжбүр болды. рыцарьлары баса - көктеп кіргеннен кейін Бату ханға өз өкілдерін жіберіп, Александр Невскийді тағы да шақыртты. Александр Невский 1241 жылы көктемде қайтып оралып, тез арада әскер жасақтады. Орыс әскерлері мен тіке шабуыл жасап, бұл қалаларды немістерден азат етті. 1242 жылы 5 сәуірде каласынде магистр басқарған орден әскерлерін тас - талқан етіп жеңді. Бұл шайқастағы жеңіс Александр Невскийді сол кездегі аса көрнекті қолбасшылардың қатарына қосты. Неміс рыцарьларының шабуылы тоқтатылды. Александр Невский солтүстік - батыс шекараларын нығайтуды жалғастырды. Норвегияға елшілік аттандырып, пен Норвегия арасында бірінші рет бейбіт келісім жасалды (1251 жылы), Финляндиядағы жаңа шабуылының бетін қайтарды (1256 жылы). Александр Невский өзін сақ әрі көреген саясаткер ретінде көрсетті. Ол папа куриясының Алтын Ордаға қарсы жорық жасау әрекетіне қарсы шықты. Александр Невский Алтын Ордаға бағыну арқылы солтүстік - батыс шекарасын қорғап қалды. Бірақ осы саясаты үшін басқа орыс княздары мен боярлары тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады және 2 рет қуылды. Алтын Ордадан қайтып келе жатқанда деген жерде қайтыс болды. Петр І-нің бұйрығы бойынша Александр Невскийдің мәйіті Санкт-Петербургке әкелінді. 1725 жылы 21 мамырда Александр Невский ордені тағайындалды. 1942 жылы 29 шілдеде мұндай әскери орденді кеңес өкіметі де белгіледі.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODBMelExTDBGc1pYaGhibVJsY2s1bGRuTnJhUzVxY0djdk1qSXdjSGd0UVd4bGVHRnVaR1Z5VG1WMmMydHBMbXB3Wnc9PS5qcGc=.jpg)
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , X том
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер