Керенский Александр Федорович [22.4 (4.5.) 1881, Ресей, бұрынғы қаласы – 11.6.1970, АҚШ, Нью-Иорк] – Ресейдің саяси қайраткері, Уақытша үкімет басшысы. отбасында дүниеге келген. Бала кезінде әкесі Түркістанда қызмет атқарып, ол Ташкент гимназиясында оқыған. 1904 ж. Санкт-Петербург ун-нің заң ф-тін бітіргеннен кейін адвокат болып жұмыс істеді, қ-нан (Саратов губ.) ҚV-Мемл. думаға (1912 – 17) депутат болып сайланып, трудовиктер фракциясын басқарды. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Санкт-Петербург жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі төрағасының орынбасары, Мемлекеттік думаның мүшесі, Уақытша үкіметтің юстиция министрі (наурыз – мамыр), соғыс және теңіз министрі (мамыр – қыркүйек), 8 (21) шілдеден министр-төраға, 30 тамыздан (12 қыркүйек) – Жоғ. бас қолбасшы қызметтерін атқарды. 1917 ж. маусым – шілде айларында ереуілге шыққан жұмысшыларды жазалау мен партиясын қудалауды ұйымдастырды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қараша) болған Қазан төңкерісінен кейін майданға қашып барып, ген. бірге Кеңес өкіметіне қарсы бүлік ұйымдастырды. Бүлік талқандалғаннан кейін Донға, 1918 ж. Францияға қоныс аударды. 1940 жылдан өмірінің соңына дейін АҚШ-та тұрды. Шет елде жүріп, ақ эмигранттардың Кеңес өкіметіне қарсы жұмыстарына белсене араласты, “Дни” газетінің редакторы болды (1922 – 32). Бірнеше естелік кітаптар жазды. Керенский 1916 ж. Мемл. дума депутаты ретінде, Ташкентте, Әндіжанда іссапармен болды, Санкт-Петербургте қазақ халқы өкілдерімен кездесіп тұрған (негізінен, арқылы). Уақытша үкімет мүшесі, басшысы ретінде Уақытша үкіметтің Түркістан к-ті мүшелерімен (, т.б.) қызмет бабында араласып тұрды. Шет елде жақын қарым-қатынаста болды. Керенский туралы Шоқайдың сыни-талдамалы мақаласы бар.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOWtMMlEwTDBGc1pYaGhibVJsY2w5TFpYSmxibk5yZVY5TVQwTmZNalEwTVRZdWFuQm5Mekl3TUhCNExVRnNaWGhoYm1SbGNsOUxaWEpsYm5OcmVWOU1UME5mTWpRME1UWXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Дереккөздер:
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер