Алтай қойы - биязы жүнді қой тұқымы. Ресейдің Алтай өлкесіңде жергілікті сібір мериносының саулықтарын басыңда американ рамбульесі, кейінірек аскания, кавказ, австрия мериносының қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Ол 1928-48 жж Алтай өлкесінің асыл тұқымды шаруашылықтарында жергілікті сібір мериносы саулықтарын америка рамбульесінің қошқарларымен будандастыру арқылы алынған. Қошқарлары мүйізді, саулықтары тоқал келеді. Қошқарларының орташа салмағы 90-100 кг, саулығы 50-60 кг тартады; қошқардан 14-18 кг, саулықтан 6-7 кг жүн қырқылады. Жүні таза, шығымы 45-48%, талшығының жіңішкелігі 64-сапада, ұзындығы 8-10см, әр 100 саулықтан 150-160 қозы алынады.
А.қ. дене бітімі мықгы, сүйегі берік, қошқары мүйізді, саулығы көпшілігінде тоқал. Терісі тығыз, қыртысты, мойнында толық шеңберлі 1-2 тері қатпары болады. А.қ. жүнділігі жоғары, жүні сапалы. Асыл тұқымды қой зауыттарында әр қойдан, орта есеппен, 3,5-4,0 кг-ға дейін таза жүн өндіріледі. Жүн талшығының ұзындығы - саулықтарда - 7,5-8,5 см, қошқарларда - 8-10 см. А.қ. өсімтал, әр жүз саулықтан 150-160 қозы алынады. Орта есеппен қошқарларының салмағы - 90-110 кг, саулықтарынікі - 50-60 кг тартады. А.қ суыққа төзімді, көнбіс келеді. Кезінде А.қ Қазақстанға жиі әкелініп, Республикамыздың шығыс, солтүстік-шығыс аймақтарында биязы жүнді қой шаруашылығының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді.
Дереккөздер
- Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер