Алшынбай Рақышев (19.4. 1931 жылы туған, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы ауылы — 21.4.2020) – медицина ғылмының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академик (2003). Арғын тайпасы, Қаракесек руының бұтағынан шыққан.
- 1956 Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бiтiрген.
- 1956-1964 Осы институтта аспирант, ассистент,Целиноград мемлекеттік медицина институтында (қазiргi Ақмола мемлекеттік медицина академиясы) аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі,
- 1964-1968 оқу істері жөніндегі проректоры
- 1969-1977 қазiргi кафедра меңгерушiсi, оқу iстерi жөнiндегi проректоры
- 1994-1995 Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті болып жұмыс iстеген.
- 1978 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектер
«Источники формирования тазового сплетения» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негiзгi ғылыми еңбектерi адамның жүйке клеткаларының морфологиясын зерттеуге арналған. Рақышев вегетативтiк жүйке жүйесiнiң морфологиялық-функционалдық құрылымдарын, шеткi жүйке жүйесiнiң регенеративтiк қабiлетiнiң жолдары мен ерекшелiктерiн зерттедi. Гелий-неон лазер сәулелерiнiң жүйке және тамыр жүйелерiне әсер ететiн заңдылықтарын анықтады. 30 жылдан астам ұлттық медицина терминдерi мен атауларын құрастырып, оларды бiр iзге түсiрумен шұғылданды. Рақышевтың 150-ден аса ғылыми еңбектерi мен 18 монографиясы жарық көрдi.
Марапаттар
«Құрмет» орденімен (2005) марапатталған.
Дереккөздер
- «Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
- Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер