Алюминий кентастары – өндірістік мақсатта алдымен алюминий оксидін (Al2O3), кейін электролиз жолымен алюминий алуға жарамды минералдық шикізат. Жердің беткі қабаты – литосфера 8,2% алюминийден тұрады. Алюминий мөлшері жағынан оттегі (46,6%) мен кремнийден (27,7%) кейінгі 3-орында. Алюминий 500-ге жуық минералдардың құрамында кездеседі. Олардың 300-дейі алюмосиликаттар, 76-сы фосфаттар, 47-сі оксидтер, 33-і сульфаттар, 12-сі фторидтер, 5-еуі хлоридтер. Негізгі Алюминий кентастары диаспор, , , (каолинит), алунит, нефелин, лейцит. Бұл минералдардың алғашқы үшеуі боксит тау жынысын құрайды, ал қалғандары алюмосиликаттарға жатады. Дүниежүзілік тәжірибеде алюминийдің 75 – 80%-ы бокситтен өндіріледі. Боксит емес кентастардың ішіндегі геологиялық, экология және экономика жағынан тиімдісі – нефелин-лейцит кендері. Олардың Қазақстан жерінде мол қорлары ашылған. Нефелин-лейцит жыныстарынан алюминий оксидінен басқа 30-дан аса бағалы заттар: сілтілі элементтер (K, Na, Lі, Rb, Cs), сондай-ақ сирек металдар: (Zr, Ga, Sc, Nb, Ta, La, Ce, т.б.) алынады. Қазақстанда Алюминий кентастары Торғай боксит аймағында өндіріледі.
Сілтеме
- Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер