Алюмосиликаттар — силикаттар класындағы минералдар тобы; қос элементті алюмокремний қышқылдарының тұздары. Кристалдық құрылымының негізін кремний-оттек тетраэдрі (SіO4) мен алюминий-оттек тетраэдрі (AlO4) қалайды. Бұл екі тетраэдр бір-бірімен ортақ оттек атомымен байланысқан. Алюмосиликаттар шексіз үш өлшемді каркас немесе жазық торлар, кейде шеңберлер, жеке немесе қосақталған тізбектер түзейді.
Сондықтан олар каркасты (дала шпаты, , ), қатпарлы (, , пренит), сирек жағдайда сақиналы (кордиерит), тізбекті немесе таспалы (мүйіз талшық) болып келеді. Алюмосиликаттардың құрылымы қатаю температурасы мен кристалдану жылдамдығына байланысты. Алюмосиликаттар құрамындағы катиондар ішінде натрий, калий, кальций басым, магний мен темір аз, литий мен барий өте сирек кездеседі.
Алюмосиликаттар негізінен жеңіл, (меншікті салмағы 2,9 г/см3) ашық түсті. Олар тау жыныстарын құраушы негізгі минералдар – литосфераның жоғарғы бөлігінің 50%-ын құрайды, граниттердегі мөлшері 65 – 75%-ға жетеді. Алюмосиликаттар үгілу процестері нәтижесінде алюминийдің гидросиликаттары – каолин, гидрослюда және саз минералдарына айналады. А.Алюмосиликаттар (сілтілі дала шпаттары, кейбір слюдалар, нефелин, лазурит, т.б.) бағалы шикізат болып табылады.
Сілтеме
- Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер