Шамкенов Аманжол (20 шілде 1927, Павлодар облысы Ертіс ауданы Қазақстанның 10 жылдығы атындағы ауылы — 29 тамыз 2004, Алматы) — ақын, драматург.
- ҚазМУ-ды бітірген (1950)
- 1950 — 54 жылы “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы
- 1954 — 56 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің репертуар жөніндегі бас редакторы
- 1956 — 61 жылы Қазақ радиокомитетінде бөлім меңгерушісі
- 1961 — 63 жылы “Жазушы” баспасында бөлім меңгерушісі
- 1963 — 70 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет, кейіннен “Жазушы” баспасында бас редактордың орынбасары, бас редакторы
- 1970 — 79 жылы Қазақстан Жазушылар одағында сын секциясының меңгерушісі, хаттау бюросының директоры болып істеді.
Шығырамашылығы
Шығармаларында өмір, уақыт, заман, бейбітшілік, бүгінгі замандас, адам тағдыры туралы толғайды.
- Тұңғыш өлеңдер жинағы “Студент сыры” 1951 жылы жарық көрді.
- “Жасыл жайлау” (1954)
- “Лирикалық өлеңдер” (1957)
- “Дала тынысы” (1960)
- “Тың дәптері” (1964)
- “Ертіс перзенті” (1966)
- “Шырша” (1972)
- “Жайлау кеші” (1976)
- “Қасиетті топырақ” (1984)
- “Таңдамалы” (1987), т.б. кітаптары
- “Тың сыры” (1960)
- “Толқын үстінде” (1963)
- “Шашақ” (1979) атты повестері мен әңгімелері
сондай-ақ драматургия саласында
- “Бір махаббаттың сыры” (1960)
- “Табамын сені” (1975)
- “Сен жалғыз емессің” (1984) пьесалар жинақтары баспадан шықты.
- “Кездесу” (1957)
- Өжет жан” (1958)
- “Шыңдағы гүл” (1962) жинақтары орыс тіліне аударылып басылды.
Ш. — көптеген ән текстерінің авторы.
С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, Г.Гейне] С.Есениннің шығармаларын, Н.Хикметтің “Әпенде”, М.Шатровтың “” пьесаларын, Г.Тушканның “Жора” романын қазақ тіліне аударған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. , XVIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер