Ангидрит – сульфаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы СаSО4. Гипстің сусыз түрі. Құрамында 41,2% СаО, 58,8% SО3 бар, стронций қоспа ретінде жиі кездеседі. Суды сіңіргенде көл. 30%-ға дейін ұлғайып, гипске айналады. Ромбылық сингонияда кристалданады. Түсі ақ, кейде көгілдір, сұр, қызғылт болып келеді, түссіз мөлдір түрлері сирек кездеседі, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3 – 3,5, меншікті салмағы 2,8 – 3,0 г/см3. Климаты құрғақ аймақтарда суы тартылып келе жатқан көлдерде, тұз кендерінде химиялық шөгінді түрінде түзіледі. Құнды кристалдарынан ұсақ әшекейлі бұйымдар жасалынады. Негізінен цемент өндірісінде пайдаланылады.
Ангидрит -
- Минерал, СаSO4. Каттылығы 3-3,5. Сулы ерітінділердің тұнбаға түсуі немесе гипстің сусыздануы нәтижесінде қалыптасады. Беткейлік жағдайда оп-оңай-ақ сумен қанығады, сөйтіп әуелі жартылай (СаSO4 х Н2O) , кейінірек гипске (СаSO4 х 2Н2O) айналады. Бұл процесс нәтижесінде оның көлемі 30-40 % (пайызға) ұлғаяды.
- Көлемінің 50 %-ы немесе одан да көп мөлшері аттас минералдан тұратын тау жынысы. Әдетте тұз түзетін алаптарда қалыптасады. Тұзды қабаттар мен күмбездер қимасында ізбестастармен, доломиттермен және тұздармен алмасқан күйде ұшырасады. Мұнай — және газкіріктіруші қабаттарда екі ұдай рөл атқарады: қуыстылығы және өтімділігі қанағаттанарлық жағдайда олар жинауыш (коллектор) рөлін атқаратын болса, аталған сипаттардың төмен дәрежесінде қақпақ () рөлін атқарады.
- Жаратылысы. Ангидрит шөгінді тау жыныстарының арасында кездеседі. Сирек те болса гидротермалық Ангидрит цемент өндірісінде, басқа құрылыс істерінде гипспен қатар қолданылады.
- Кендері. Ангидрит біздің елімізде Батыс Уралда, Архангельск, Вологодск, Куйбышев облыстарында, Донбаста кездеседі.
Дереккөздер
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл.
- Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
- Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.
- Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер