Англ-сакс басқыншылығы V-VI ғасырларда Европадағы солтүстік герман тайпаларының (англдардың, сакстардың, фриз және юттардың) Британия аралдарын жаулап, сол жерде англ-сакс мемлекеттерін құрастырып алуы.
Англия V-VI ғасырларға дейін 400 жыл рим провинциясы болып саналып, тұрғындары - бриттар, сол себепті Британия деп аталған. V ғасырдың басында рим легиондары Британиядан кеткеннен кейін, жергілікті халыққа солтүстіктен пикттар мен скоттар шабуыл жасай бастада. 449 ж. бриттар көмекке юттарды шақырды (Хенгиста мен Хорстың басшалағымен). Юттардың жеңістері басқа тайпаларды қызықтырып, сакстар, англдар және юттар Британияны жанжақтан иттей талап, алғашқы кельт халығымен шетелден келген басқыншылармен жүзжылдық күрес басталды.
Сонымен, 5-ші ғасырдың ортасында германдықтардың едәуір бөлігі Британияға барып қоныстанды. Англ-сакс басқыншылығының барысында бриттердің көпшілігі дерлік қырғынға ұшыратылып, Шотландияға, Уэльске және құрлыққа (қазіргі Бретаньға) ығыстырылды. Біразы германдықтармен араласып кетті.
6 ғасырдың аяғында герман тайпалары Британия жерінің денін жаулап алды.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер