Андыз (лат. Inula) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер.
Андыз | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
100 түрі белгілі |
Қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. Олардың ішінде ең көп тарағандары – биік андыз (I. helenium) және (I.grandis). Бұлардың биіктігі 10-70 см-ден 2.5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. Ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топтанып біткен себет гүл шоғырына жиналады. Маусым-шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Жемісі цилиндр тәрізді тұқымша. Өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қатыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. Сондықтан андыз бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде және бояу алу үшін қолданылады.
Емдік ролы
Өт пен асқазанды қуаттандырады, у қайтарып сарай ашады. ауыруды басып, төрелмені тыныштандырады.
Жинау
Араласпадан арылтып, тазалап жуып, тураған соң кептіріп алады.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер