Анна Максимовна Сборщикова - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1913 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Черкасск ауылында туған.
Анна Максимовна Сборщикова | |
![]() | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
|
Қайтыс болған күні | белгісіз |
Азаматтығы | |
Қызметі | егінші, егіншілер бригадасының звеношысы |
Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Еңбек жолы мен жетістігі
- 1930 жылы "Коллективный труд" колхозына жұмысқа кіріп, егіншілер бригадасының звеношысы болып істейді.
- 1946 жылы соғыс жылдарындағы үздік жұмысы үшін "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен наградталады.
- 1947 жылы 22 гектар жоғары түсімді егін алқабының әр гектарынан 30,4 центнерден өнім алып, міндеттемелерін ойдағыдай орындайды.
Наградалары
- "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946)
- Ленин ордені
- "Орақ пен Балға" алтын медалі
- Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
- Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр.