Антропогендік жүйе
Антропогендік жүйе (кезең), антропоген — қ. Төрттік жүйе, төрттік кезең.
Антропоген, антропогендік жүйе - геологияда ұзақтығы 700 мың млн жылға жуық кайнозойдың қазіргі ең соңғы (төрттік) жүйесі (кезеңі). Плейстоцен және голоцен деп бөлінеді. Плейстоценде жоғары ендіктерде климаттың бірнеше рет суынуы мен жылынуының ауысымдары материктік мұз басу мен мұз- дықсыз атыраптарда ылғалды климаттың тұрақтануымен жалғасты. Бұл кездегі ең маңызды окиға — Жер бетінде адам пайда болды.
Антропогендік аккумуляция
адамның қарекетінің салдарынан жер бедерінің үйінділерден және шайындылардан тұратын (корғандар, үйінділер, бөгеттер, қазындылар және тағы да басқалары) аккумуляциялық пішіндерінің түзілуі.
Антропогендік бедер
адамның шаруашылық карекетінің әсерінен пайда болған немесе едәуір өзгерген бедер пішіндерінің жиынтығы. Бедердің антропогендік өзгеруі жерді (, беткейлерді белестеу, суару және коріздеу торларын жасау) кезінде, құрылыстар (үйінділер, дамбалар, ойық- тар, каналдар) салған кезде, бұзылған ландшафтыларды қалпына келтіргенде қалыптасады.
Антропогендік жүктеме
табиғи ортаның кейбір құрамдастарына (жер бедеріне, топыраққа, өсімдікке, жануарлар дүниесіне және тағы да басқалары) немесе тұтастай ландшафтыға тікелей және жанама антропогеңдік-техникалық әсерлердің дәрежесі.
Антропогендік құрамдастар
адамның өндірістік және өндірістік емес қарекеттерінің ер түрлі "іздері" мен нысандары - ер текті құрылыстар мен плантациялар.
Антропогендік ландшафт
адамның мақсатты қарекеті салдарынан, сондай-ақ табиғи ландшафтыны әдейілемей өзгертуі барысыңда пайда болған географиялық ландшафт.
Антропогендік топырақтар
адамның қарекетінің нәтижесінде түзілген топырақтар. Мысалы, ауыл шаруашылығы жерлерінің, көшетханалар мен жылыжайлардың өте құнарлы топырақтары.
Антропогендік факторлар
табиғаттың кейбір құрамдастары мен табиғи кешендеріне адамның әр түрлі қарекетінің әсерінен туындайтын факторлар.
Антропогендік экожүйелер
Aдам өзгерткен немесе адам қолдан жасаған мәдени экожүйелер.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет.
- International Union for Quaternary Research (INQUA)
- Welcome to the XVIII INQUA-Congress! 27 қыркүйектің 2012 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер