Аппалач тау жүйесі — Солтүстік Американың оңт.-шығысында 2600 км-ге созыла орналасқан таулар. Ол бір-біріне пераллель орналасқан жоталардың, аңғарлардың, үстірттердің және таулы үстірттердің күрделі жүйесін құрайды. Ені 300-500 км., ең биік жері — (2037 м). Тау жүйесінің оңт.-шығысы мен солт. бөлігі кристалды жыныстардан (гнейс, кристалды тақтатас, кварцит) тұрады. Палеозойдың бас кезіндегі қатпарлану нәтижесінде көтерілген. А. т. ж-нің жалғасы Аппалачтың солтүстік-шығысындағы аралын алып жатыр. Таудың оңтүстік-батыс бөлігі палеозойдың соңғы кезеңіндегі шөгінді жыныстардың (әктас, құмтас, сазды тақтатас) қатпарлануы нәтижесінде пайда болған. Солт. Аппалачтың жер бедері таулы-үстіртті келеді, Оңт. Аппалачтың жер бедері күрделілігімен, ауа райының қолайлылығымен, жалпақ жапырақты ормандарымен ерекшеленеді. А. т. ж-нің қойнауы тас көмір мен жанғыш газға, темірге, мыс, күміс, кобальт кендеріне бай. Аппалачтың солт-нде климаты қоңыржай, оңт-нде субтропиктік. Дегенмен Атлант мұхитының ықпалымен біршама қолайлы ауа райы қалыптасады. Қаңтар айының орташа темп-сы (солтүстігінде) 12 °C-дан +8°С-ға (оңтүстігінде) дейін, ал шілдеде 18-26°С-ға дейін өзгереді. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1000-2300 мм. Жаз айлары ылғалды, бұлтты және жаңбырлы келеді. Өзендердің суы мол, су-электр стансаларын салуға қолайлы, әсіресе, өткен өзендер “сарқырамалар сызығын” құрайды. 40-қа жуық СЭС салынған. А. т. ж-нде Фанди, Грейт-Смоки-Маунтинс, Мамонт үңгірі, Шенандоа тәрізді бірнеше ұлттық саяжайлар орналасқан.
Appalachian Mountains | |
Range | |
Елдері | United States, Canada |
---|---|
Өңірі | , , |
Highest point | Mount Mitchell |
- elevation | |
Orogeny | |
Period | |
![]() |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpOHpMek5tTDBGd2NHRnNZV05vYVdGdVgyMWhjQzV6ZG1jdk1qYzFjSGd0UVhCd1lXeGhZMmhwWVc1ZmJXRndMbk4yWnk1d2JtYz0ucG5n.png)
Дереккөздер
- International Appalachian Trail- Newfoundland. Iatnl.ca. Тексерілді, 6 қараша 2010.
- Cees R. van Staal, Mineral Deposits of Canada: Regional Metallogeny: Pre-Carboniferous tectonic evolution and metallogeny of the Canadian Appalachians 11 наурыздың 2009 жылы., Geological Survey of Canada website
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер