Арман Ғалиасқарұлы Дунаев (7 қазан 1966 жыл Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы) — «„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. Жоғары білімді, экономика ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны
- 1988 жылы саяси экономия мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді.
- Еңбек жолын 1988 жылы Жамбылдың гидромелиоративті-құрылыс институтының кафедрасында ғылыми қызметкер ретінде бастаған.
- 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөліміне аспирант ретінде қабылданды. 1992 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады.
- 1992 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың қараша айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің сыртқы экономикалық байланыс аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі.
- 1993 жылдың қараша айынан 1998 жылдың сәуір айына дейін экономиканың нақты секторы өнеркәсіптерінде басқарушы қызметтерін атқарады.
- 1998 жылдан 2000 жылдар аралығында екінші деңгейлі банкте инвестициялық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істеу басқармасының бастығы.
- 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік борыштар Департаментінің Директоры.
- 2001 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі болып тағайындалады.
- 2002 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-Министрі.
- 2003 жылдың шілде айынан 2004 жылдың наурыз айына дейін АҚ «Ұлттық инвестициялық қор» басқару кеңесінің Төрағасы.
- 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы бірінші қаржы вице-Министрі, ал одан кейін Қаржы Министрі болып тағайындалды.
- 2006 жылдың қантар айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы.
- 2008 қаңтардың 23 «Қазына» орнықты даму қорының басқарма төрағасы.
- 2008 қазанның 17 «„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2001)
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)
- «Құрмет» ордені (2005)
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006)
Отбасы жағдайы
Үйленген, 2 баласы бар.
Дереккөздер
- Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер