Артур Корнберг (ағылш. Arthur Kornberg; 3 наурыз 1918, Бруклин, Нью-Йорк — 26 қазан, 2007, , Калифорния штаты, АҚШ) — америкалық биохимик, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының, және Америкалық биолог-ғалымдар қоғамының мүшесі, сондай-ақ шетелдік мүшесі.
Артур Корнберг | |
ағылш. Arthur Kornberg | |
![]() Артур Корнберг | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | , Калифорния, АҚШ |
Азаматтығы | АҚШ |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
|
Альма-матер | Нью-Йорк |
Ғылыми жетекші | William S. McCann |
Несімен белгілі | бөліп алды, ДНҚ in vitro синтезін іске асырды |
Марапаттары |
|
Өмірбаян
Бұл менің сенімім … сіз сюжетті түсіну үшін актерлерді білуіңіз тиіс. Ал актерлар — ферменттер. Олар биологиялық құбылыстар жүзеге асырылатын шағын химиктер, машиналар… бұл спирттік ашытудың аты аңызға айналған мәселесі ме… немесе жарық қоңызы сияқты жарқырай ма..
Қысқаша хронологиясы
- 1933 — Abraham Lincoln High School (Brooklyn) бітіріп, (CCNY) оқуға түседі
- 1937 — CCNY-де бакалавр дәрежесін алды, Медицина мектебіне оқуға түседі
- 1941 — Рочестер университетінде медицинадан докторлық дәреже алды; Нью-Йорктегі Strong Memorial Hospital-да тәжірибеден өтті
- 1942 —АҚШ жағалау күзеті жанындағы АҚШ Қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне кірді; Кариб бассейнінде ол кеме дәрігері болып қызмет атқарды; Ұлттық Денсаулық сақтау институтының тамақтану бөліміне ауыстырылды (NIH) (қазіргі уақытта )
- 1943 — Сильви Рут Левиге үйленді
- 1946 — Нью-Йорк университеті Медицина мектебінде Северо Очоаның қарамағында тәжірибеден өтті
- 1947 — Медицина мектебінде Карл және Герти Кориде қарамағында тәжірибеден өтті, ферменттер бөлімін ашу үшін NIH-ге қайтып оралды, өмірге ұлы Роджер келді
- 1947—1953 — Ұлттық артрит және метаболикалық аурулар институтының метаболизм және ферменттер бөлімінің басшысы, NIH, ұлдары Томас (1948) және Кеннет (1953) өмірге келді
- 1951 — Ферменттер химиясы Пол-Льюс жүлдесін алды
- 1953—1959 — Вашингтон университеті, медицина мектебі, микробиология кафедрасының профессоры және меңгерушісі
- 1957 — ДНҚ-ның бірінші зертханалық синтезі; Ұлттық ғылым академиясының мүшесі болып сайланды
- 1959 — физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығын алды (Северо Очоа бірлесіп)
- 1959—1969 — Стэнфорд университеті медицина факультетінің биохимия кафедрасының меңгерушісі, профессоры
- 1967 — бірінші өміршең ДНҚ вирусының репликациясы
- 1969—1988 — Стэнфорд университеті, медицина факультетінің биохимия кафедрасының профессоры
- 1970 — шетелдік мүшесі
- 1979 — National Medical of Science (National Science Foundation)
- 1980 — DNAX Молекулалық және жасуша биологиясы ғылыми-зерттеу институты құрылды
- 1986 — Сильви Корнберг ұзақ аурудан кейін қайтыс болды
- 1988 — Шарлин Уолш Леверингке үйленді (1995 жылы қайтыс болған)
- 1988—2007 — Стэнфорд университеті, медицина факультеті, биохимия кафедрасының құрметті профессоры, ғылыми-зерттеу нысаны - бейорганикалық ауысты
- 1998 — Каролин Фрей Диксонге үйленді
- 1999 — Рочестер университетіндегі Артур Кернбергке арналған Medical Research Building ашылды
Библиография
Өзінің ұзақ мансабының барысында Корнберг ДНҚ репликациясы бойынша үш жүзден астам ғылыми еңбектер, сондай-ақ ірі монографиялар, өзінің ғылыми өмірбаянын, биотехнология саласының инсайдерлік бағалауын, сондай-ақ балаларға арналған, өз балалары мен немерелеріне көптеген жылдар бойы әңгімелеген оқиғалардың негізінде жазған, Germ stories деп аталатын кітабын жариялады.
- Enzymatic Synthesis of DNA, John Wiley & Sons, 1961
- DNA Synthesis, W. H. Freeman and Co., San Francisco, 1974
- DNA Replication, W. H. Freeman and Co., San Francisco, 1980
- DNA Replication (2nd Edition) with Tania A. Baker., W. H. Freeman and Co., New York, 1992
- For the Love of Enzymes: The Odyssey of a Biochemist. Harvard University Press, Cambridge, MA, 1989,
- The Golden Helix: Inside Biotech Ventures. University Science Books, 2002,
- Kornberg A. (2000). Ten commandments: lessons from the enzymology of DNA replication 26 қыркүйектің 2008 жылы.. J. Bacteriol. 182, 3613-3618
Марапаттары
- Америкалық химия қоғамының Пол Льюис ферменттер химиясы зертханасының жүлдесі (1951)
- Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын «рибонуклеин және дезоксирибонуклеин қышқылының биологиялық синтез тетіктерін ашқаны үшін» (1959)
- Ғылыми жетістіктері үшін Америка медициналық ассоциациясының жүлдесі (1968)
- Медициналық онкология қоғамының Люси Уортем Джеймс жүлдесі (1968)
- Америкалық медициналық колледждер қауымдастығының медициналық зерттеулері үшін Борден жүлдесі (1968)
- (1978)
- (1979)
Отбасы
- Оның ата-анасы Джозеф Корнберг пен Лена Корнберг (Кац) болған.
- Жұбайы — Сильви Рут Леви (1943 жылдан) (1986 ж. жылы қайтыс болған) — биохимия саласында зерттеулер жүргізген.
- Үш ұлы: , ,
- Жұбайы — Шарлин Уолш Ливеринг ағылш. Charlene Walsh Levering, (1988 жылдан) (1995 ж. жылы қайтыс болған)
- Жұбайы Кэролин Диксон ағылш. Carolyn Dixon (желтоқсан, 1998)
Қайнар көзі
Сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер