Арыстан Жантөрин (туған жылы белгісіз — 8 шілде 1855, бойы, Суықсу деген жер) — Әбілқайыр ханның шөбересі, немересі, Жантөре ханның баласы, Ресейдің отаршылдық саясатына көмектескен сұлтан.
- Кіші жүзде хандық билік жойылып (1824), Кіші жүз жері үш территориялық аймаққа (Батыс, Орталық, Шығыс) бөлінгеннен кейін Жантөрин 1841 — 1855 жылы Орталық аймақты биледі.
- 1836 — 1838 жылғы Кіші жүз қазақтары жетекшілерінің бірі Махамбет Өтемісұлы 1841 жылы ақталғаннан кейін Жантөриннің бақылауында болады.
- Жантөрин Есет Көтібарұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басуға да қатысқан. 1853 жылы көтерілісті басуға жазалаушы отрядты бастап шығады. 1855 жылы маусымда үлкен жазалаушы отрядты басқарған Жантөрин көтерілісшілерге қарсы тағы да аттанады. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісшілермен Жантөриннің жазалаушы отряды Елек өзенінің бойында, Суықсу деген жерде кездеседі. Есет Жантөринге елшілер жіберіп, кері қайтуы туралы ұсыныс жасайды. Арадағы келіссөз нәтижесіз болған соң, көтерілісшілер таңсәріде күтпеген жерден Жантөриннің қосынына шабуыл жасап, сұлтанды бірнеше билеушілермен қоса өлтіреді.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
![]() | Бұл — тұлға туралы мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер