Арыс қалалық әкімдігі — Түркістан облысының орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 7,7 мың км² (облысы аумағының 6,6%-ы). Әкімшілік орталығы – Арыс қаласы.
Қазақстан қалалық әкімдігі | |
Арыс қалалық әкімдігі | |
Облысы | |
---|---|
Орталығы | |
Енеді | 1 қала, 6 ауылдық округ |
Тұрғыны (2021) | ▲76920 |
Жер аумағы | 7 654км² |
Уақыт белдеуі |
|
Автомобиль коды | 13 |
|
Географиялық орны
Солтүстігінде Отырар, оңтүстігінде Шардара, Сарыағаш, шығысында Ордабасы, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарымен шектеседі.
Әкімшілік құрамы
Әкімдік аумағында Арыс қаласы мен 6 ауылдық округке біріктірілген 27 елді мекен бар:
Әкімшілік бірлігі | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақдала ауылдық округі | 3330 | ▲3506 | 105,3 | 1702 | ▲1805 | 106,1 | 1628 | ▲1701 | 104,5 |
Байырқұм ауылдық округі | 3787 | ▼3565 | 94,1 | 1930 | ▼1829 | 94,8 | 1857 | ▼1736 | 93,5 |
Дермене ауылдық округі | 3771 | ▲4393 | 116,5 | 1926 | ▲2229 | 115,7 | 1845 | ▲2164 | 117,3 |
Жиделі ауылдық округі | 2561 | ▼2501 | 97,7 | 1292 | ▲1294 | 100,2 | 1269 | ▼1207 | 95,1 |
Қожатоғай ауылдық округі | 8006 | ▼7191 | 89,8 | 4086 | ▼3724 | 91,1 | 3920 | ▼3467 | 88,4 |
Монтайтас ауылдық округі | 5583 | ▼5394 | 96,6 | 2823 | ▼2788 | 98,8 | 2760 | ▼2606 | 94,4 |
Арыс қаласы | 38425 | ▲50370 | 131,1 | 19200 | ▲25566 | 133,2 | 19225 | ▲24804 | 129 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 65463 | ▲76920 | 117,5 | 32959 | ▲39235 | 119 | 32504 | ▲37685 | 115,9 |
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Климаты континенттік. Қаңтар айындағы жылдық орташа температураcы –3 – 4 °С, шілдеде 27 – 28 °С. Жауын-шашынның мөлшері 250 – 300 мм. Әкімдік аумағы жерінен Сырдария, Арыс өзендері, Арыс каналы ағып өтеді. Орталығында суы тұзды Тұздықсүме көлі бар. Сырдария өзенінің батыс жағалауын (Шардара даласы), Қаратау тауы, Қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. Байырқұм – Арыс ойпаң жерлерінен минералды су көзі барланған. Жері сұр топырақты. Эфемерлі өсімдіктер: жусан, бозжусан, баялыш, күйреуік, мия, Сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, құмқоян, кірпі, саршұнақ, қосаяқ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы бағытында 698 агроқұрылым жұмыс істейді. Оның ішінде 5 МҚК, 72 ЖШС, 11 АҚ, 2 ТС, 103 ӨК, 68 мемлекеттік мекеме, 577 шаруа қожалықтары құрылған. «Қабылсай» өнеркәсіп ұн, «Жетіқазына» өнеркәсіп нан өнімдерін, «Жасқанат» АҚ тігін бұйымдарын, «Дәрмене» АҚ дәрілік шөптер мен дәрмене жусанын өсіреді, «Монтайтас» АҚ, «Задария» асыл тұқымды қой зауыты бар. Энергетикада 6, құрылыста 21, көлікпен байланысты 14, саудада 91 құрылым тіркелген.
Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін 32 мектеп, кәсіптік техникалық мектебі, Ж.Байғұтиев атындағы музыка мектебі, спорт, бокс мектептері бар. «Тораптық аурухана» ӨК, мәдениет үйі, кітапхана жұмыс істейді. Арыс өңірінен көрнекті жазушылар С. Адамбеков, Д. Исабеков, опера жұлдызы Н. Үсенбаева, атақты эстрада әншілері А. Мейірбеков, Ш. Байпатшанова, т.б. өнер қайраткерлері шыққан. Аумақ жерімен Орынбор – Ташкент, Арыс – Шымкент – Алматы темір жол, Арыс – Шардара автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
- Арыс қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер