Арғұн (Хайлар, моңғ. Эргүнэ, эвен. Ергэне) — Шилкамен қосылып Амурды құрайтын өзен.
Арғұн (Хайлар) | |
---|---|
моңғ. Эргүнэ, /额尔古纳河, эвен. Ергэне | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 1620 км |
Су алабының ауданы | 164000 км² |
Су алабы | Амур/ |
Су шығыны | 186 м³/с |
Бастауы | |
• Орналасқан жері | Үлкен Хинган |
• Координаттары | 49°56′16″ с. е. 122°27′53″ ш. б. / 49.93778° с. е. 122.46472° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Амур |
• Координаттары | 53°19′54″ с. е. 121°28′39″ ш. б. / 53.33167° с. е. 121.47750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 53°19′54″ с. е. 121°28′39″ ш. б. / 53.33167° с. е. 121.47750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қытай/Ресей |
Аймақ | Моңғолия/Хэйлунцзян |
Ұзындығы - 1620 км, оның 944 км-і Ресей мен Қытай шекарасын бойлай ағады.
Алабы 164 мың кm². Үлкен Хинган жотасының солтүстік-батыс беткейінен басталады.
Бастауында Хайлар деп, ал Мутная тармағынан төмен - Арғұн деп аталады.
Жотадан шыққаннан кейін Арғұн жайылмасы үлкен кең аңғармен ағады. Сағасына таяу жерде аңғары тарылады да, жағалары жар қабаққа айналады.
Жылдық орта су шығыны сағасында 400 m³/сек. Негізінен жаңбыр суынан құралады. Жылы маусымда тасиды.
Басты салалары:
- сол жақтан - Газимур, Уров, Урюмкан
- оң жақтан - Гэньхэ, Нюэрхэ.
Арғұнда балықтың 60 түрі бар, соның ішінде амур, сазан, кета көп ауланады.
Дереккөздер
- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер