Асаймұса (лат. Abelia) – ұшқаттар тұқымдасына жататын бұталы өсімдіктер. Батыс Тянь-Шаньның тасты, шатқалды тау бөктерлерінде, әсіресе, аршалы, жаңғақты ормандардың арасында өседі. Қазақстанда қалқанды асаймұса (Abelіa corуmbosa) түрі бар. Оның биіктігі 2 – 3, кейде 4 м-ге жетеді. Бұтақтары ақшыл, кейде қоңырқай түсті. Жас өркендері қысқа, жіңішке, сырты қалың түкті болып келеді. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, немесе сопақша пішіндес, бүтін жиекті, ұзындығы 1,5 – 5 см. Ақшыл, қызғылт гүлдері қысқа гүл сағағына бекіп, сирек гүлді қалқанша-шоқпарбас гүлшоғырын құрайды. Жемісі қандауыр тәрізді, етті, бір тұқымды. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. Асаймұса сәндік гүл ретінде өсіріледі. Сүрегі өте қатты, олар әр түрлі бұйымдар (, асатаяқ, , т.б.) жасауға пайдаланылады.
Асаймұса (өсімдік) | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Abelia mosanensis | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
30 түрі белгілі |
Сілтемелер
- Арыш
- Гүл
- Орамжапырақ тұқымдасы
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер