Ас тұзы, натрий хлориді, NaCІ — түссіз кристалды зат. Балқу 8010С, қайнау 14130С, тығызд. 2,161 г/см3 (200С). Суда, сұйық аммиакта, спирттерде, этиленгликолда, құмырсқа қышқылында ериді, ал тұз қышқылында ерімейді. Судағы қаныққан ерітіндісі (28,41г NaCІ) 108,70С темп-рада қайнайды.А. т. табиғатта галит минералы (тас тұзы) түрінде, мұхиттар мен теңіз, сондай-ақ көл және жер асты суларының құрамында кездеседі (қ. Ас тұзы кендері). Тех. мақсаттар үшін тас тұзы мен тұндырылған тұз, тағамдық мақсаттар үшін буландырылған және таза тұндырылған А. т. қолданылады. А.т-ның иодталған, брикеттелген т.б. арнаулы түрлері де өңдіріледі. А.т. тамаққа қосуға (ас тұзы деп аталуы осыдан), тағам өнімдерінде пайдаланылады; хим. өнеркәсіпте сода, хлор т.б. өнімдерді алу үшін шикізат ретінде, ал медицинада физиологиялық ерітінді түрінде қолданылады. Әдеб.: Беремжанов Б.А., Химия природных солей, А.-А., 1987.
Қызық деректер
- Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтыралы.
- Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
- Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.
- Мұрын қабынуы және гаймориттерге 0.9% тұзды сумен шайса өте пайдалы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер