Атбасар жазығы – Ақмола облысының солтүстік-батысындағы эрозиялық-тектоникалық жазық.
Атбасар жазығы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 200 м |
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 100 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 320 км |
Өзендер | Қайрақты, Жаман Қайрақты, Жыланды, Жабай, Аршалы, Боқсық |
Көлдер | Қалмақкөл, Салқынкөл, Жаркөл, Баршын, Ұзынкөл, Балықтыкөл |
Орналасуы | |
51°51′40″ с. е. 68°09′41″ ш. б. / 51.861103° с. е. 68.161473° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°51′40″ с. е. 68°09′41″ ш. б. / 51.861103° с. е. 68.161473° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Ақмола облысы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Атбасар ауданында орналасқан жазық солтүстігінде Көкшетау қыратымен, оңтүстігінде Теңіз көлі жазығымен шектеседі.
Жер бедері
Ендік бағытта 320 км-ге, меридиандық бағытта 100 км-ге созылған. Жазықтың кейбір тұстары таяз келген көл қазаншұңқырларымен, төбелер және сай-жыралармен тілімденген.
Климаты
Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы –18°С, шілдеде 19 – 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 300 мм.
Су торабы
Жазық арқылы Есіл өзені және оның салалары – Қайрақты, Жаман Қайрақты, Жыланды, Жабай, Аршалы, Боқсық, Қалқұтан, т.б. ұсақ өзендер ағады. Сонымен қатар бірнеше таяз келген тұзды көлдер (Қалмақкөл, Салқынкөл, Жаркөл, Баршын, Ұзынкөл, Балықтыкөл, т.б.) кездеседі.
Өсімдігі
Жазықтың басым бөлігінде бетеге, боз, айрауық өседі.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер