Афина (көне грекше: Ἀθηνᾶ) - Грек мифологиясындағы басты құдайлардың бірі - қыз құдай. Зевстің қызы. Басына дулыға, үстіне сауыт киген қалпында Зевстің басынан шығыпты-мыс.
Афина - соғыс құдайы; сонымен бірге ақылдық, тапқырлық иесі, көркемөнердің, білімнің, қолөнерінің қамқоры, мата тоқу, жіп иіруді, ауруды емдеуді үйретуші болып саналады.
Афинаның құрметіне Грекияда бүкіл халықтық мерекелер өткізіледі. Афинаның пластикалық бейнесін б.з.б. 5 ғ. мүсінші Фидий жасады. Ол Афинаны қару-жарақ асынған, сабырлы да салтанатты, терең ойлы, ер жүрек батыр қыз түрінде бейнелеген.
Афина - Ежелгі Рим мифологиясындағы Минавраға барабар.
Дереккөздер
- Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Афина Паллада
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер