Ахемен әулеті (көне парс. Ariyānām Xšaçam — «Арий империясы»), сондай-ақ Бірінші Парсы империясы — б.з.д. VI - IV ғасырларда өмір сүрген, Алдыңғы Азия және Африканың солтүстік-шығыс аумағында парсы әулеті құрған ежелгі мемлекет. Б.з.д. VI ғасырдың соңына қарай Ахеменид империясының шекарасы батыста Эгей теңізінен бастап шығысында Үнді өзеніне дейін, оңтүстікте Нілдің алғашқы шегінен солтүстікте Кавказға дейін созылған.
Ахеменидтер әулеті көне парс. Ariyānām Xšaçam | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Астанасы | Персеполис (50 000), , (50 000), (100 000), Вавилон (200 000) | ||||||||
Ірі қалалары | Персеполис, Вавилон, Бактра (200 000), (100 000), , , , (50 000), (40 000), Дамаск (40 000), Мараканда (40 000), (40 000) | ||||||||
Тіл(дер)і | Көне парсы, , элам, аккад, армян | ||||||||
Ақша бірлігі | |||||||||
Аумағы | 5 500 000 км² | ||||||||
Халқы | 50 млн. адам (б.з.д. 480 ж.) 35 млн. адам (б.з.д. 330 ж.) | ||||||||
Басқару формасы | монархия | ||||||||
Династиясы | |||||||||
Шаһиншаһ | |||||||||
- б.з.д. 559—(530) | II Кир | ||||||||
Тарихы | |||||||||
- (б.з.д. 550) | Құрылды | ||||||||
- (б.з.д. 500) - (б.з.д. 449) | Грек-Парсы соғысы | ||||||||
- (б.з.д. 330) | Өмір сүруін тоқтатты | ||||||||
← Мидия ← ← Соғды ← Бактрия ← ← Ежелгі Македония → → |
Кеңеюі мен құлдырауы
Ахеменнің ұлы Теисп (Чишпиш) және оның тікелей ұрпақтары — , , II Кир Аншананың (Солтүстік Эламдағы) патшалары атанған. Ежелгі Шығыс елдерінің көпшілік бөлігін қол астына қаратқан II Кир Ахемен әулетінің ұлы империясын құрды. Ахемен әулетінің үлкен бұтағы II Камбизбен (522 ж.) бітеді. Әулеттің кіші бұтағы I Дарийден басталады. А. ә-нің билеушілері: Ұлы Кир (546 — 530, 558 жылдан бастап мен биледі), Камбиз (530 — 522), I Дарий (522 — 486), (486 — 465), (465 — 424), (424), (424 — 423), II Дарий (423 — 404), (404 — 358), (358 — 338), (338 — 336), (336 — 330). А. ә. тұсында еркін, жеке мемлекеттік жүйе орнады. Мемлекетті шаһиншах биледі.
Ұлы Кир тұсында , Маргиана, Вавилон, , Финикия жаулап алынды. I Дарий тұсында парсы елі аумағы шығысында Үндістанмен, Памирмен, батысында , Ливияның батыс шебімен, солтүстігінденде Каспий теңізімен, Қап (Кавказ) тауларымен және Қара теңізбен, ал оңтүстігінде , Парсы шығанағымен, шектесті. Ахемен әулеті тұсында билеуші топ 2 сатыдан тұрды: біріншісі (7 парсы әулеті) мемлекеттік істерге араласып, шаһиншах әскеріне басшылық етті. Екінші сатыдағылар діни істермен айналысты. Біздің заманымыздан бұрын 330 жылы Ескендір Зұлқарнайын (қ. Александр Македонский) шапқыншылығы салдарынан 220 жыл ғұмыр кешкен біржолата талқандалып, Ахемен әулетінің билігі үзілді.
Дереккөздер
- Али Акбар Деһхода, Деһходаның анықтама сөздігі, 1 т., Тегеран, 1961; Абдолазим Резои, Иранның он мың жылдық тарихы, 1 т., Тегеран, 1996.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 , I том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Achaemenid Empire |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер