Басқа мағыналар үшін Ащылы (мағына) деген бетті қараңыз.
Ащылы – Жыланды алабындағы өзен, Жекебұтақ өзенінің оң саласы. Ұзындығы 37 км.
Ащылы өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 37 км |
Су алабы | Жыланды |
Бастауы | Ақмола облысы Сандықтау ауданының батысындағы Барақпай ауылының батысы |
• Координаттары | 52°14′15″ с. е. 67°49′06″ ш. б. / 52.23750° с. е. 67.81833° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Жекебұтақ өзенінің оң жағы |
• Координаттары | 52°11′02″ с. е. 68°02′40″ ш. б. / 52.18389° с. е. 68.04444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°11′02″ с. е. 68°02′40″ ш. б. / 52.18389° с. е. 68.04444° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Ақмола облысы Сандықтау ауданы |
Бастауы
Бастауын Ақмола облысы Сандықтау ауданының батысындағы Барақпай ауылының батысынан (10 км жерде) алып, Жекебұтақ өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Жазда құрғап қалады. Ащылы өзенінің ағысы тұрақты, делювийлі оккумулятті жазықпен ағады. Ащылыға шағын 6 сала және жазда кеуіп, қарасуларға бөлініп қалатын 2 сала құяды. Суын Сандықтау ауданының шаруалықтары пайдаланады
Өсімдігі
Су айрығындағы карбонатты қара топырағындағы бетеге, қызыл қау аралас әр түрлі шөптесіндер, жайылмасында шалғынды өсімдіктер өседі. Су жинайтын алабы, негізінен, жыртылған.
Дереккөздер
- Қарағанды облысы: Энциклопедия