Ақбауыр бұлдырық (лат. Pterocles alchata) – бұлдырықтәрізділер отрядының бұлдырықтар тұқымдасына жататын құс.
Ақбауыр бұлдырық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
(IUCN3.1) | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Pterocles alchata (Linnaeus, 1766) |
Қанатының ұзындығы 19 – 21 см, салмағы 225 – 290 г. Денесінің үстінде сары түсті сұр теңбілдері бар. Қара жолақпен көмкерілген жемсауы мен төсі қызғылт күрең түсті. Басқа бұлдырықтардан бауырының ақ болуымен ерекшеленеді. Ұшқанда көмекейден дыбыс шығарады. Құмды жерлер мен оған іргелес жатқан тақырларды ұялайды. Ұясын жерге кішкене шұңқыр жасап салады. Мамыр – шілдеде қоразы мен мекиені 2 – 3 жұмыртқаны кезектесіп басады. Балапандарын да ұядан бірлесіп ұшырады. Түрлі өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістерімен, жәндіктермен қоректенеді. Тұщы, ащы суды да іше береді. Күніне 2 рет су іздеп 20 – 30 км жерге ұшып барады. Ақбауыр бұлдырық – жыл құсы. Тамыз айынан бастап үлкен топ құрайды. Қыркүйек – қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. Көктемде қайта оралады. Ақбауыр бұлдырықтың тіршілігі толық зерттелмеген.
Таралған аймағы тарылып және саны кеміп бара жатқан тұр. Соңғы жылдары таралу аймағы тарылып, саны едәуір кеміді: 60-шы жылдары ондаған, тіпті жүздеген мың құстардың жиынтығы байқалса, ал қазір бірнеше жүздеген құстар тобы өте сирек кездеседі. Негізгі себептер - суат басында қасақылық (браконьерлік), және де ұя басу кезінде құстарды мазалау. Бетпақдала және Қызылқұм қорықтарын құру және суат басынан аулауға тыйым салу қажет. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Таралуы
Жетісу өңірінің және Қазақстанның басқа аймақтарының шөл, шөлейт аудандарын мекендейді. Оңтүстік Францияда,Солтүстік Африкада,Кіші,Орта және Алдынғы Азияда өмір сүреді. .
Дауысы
Қарабауыр бұлдырықтан кіші,жіңішке,ұзын құйрықты құс. Дауысында да айырмашылық бар. Оның дауысы шауқарғаға ұқсас “га!..га!” деп қатты айғайлап естіледі. .
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер