"Ақиқат сыйы" - тарихи- әдеби шығарма. Түпнұсқасы сақталмаған. 14—15 ғ-да жасалған 3 түрлі көшірмесі бар. Оның ішінде ең ескісі —1444 жылы Арсылан Қожа тархан Әмірдің жазу шебері көшіріп жазған нұсқасы. Хатқа түскен нұсқасының жалпы көл. — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы қорында сақтаулы; екінші нұсқасы Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы сақтаулы бұл жәдігерлікті Н.Әсім 1915 жылы, ал Қ. Махмудов 1972 жылы жариялаған; "Ақиқат сыйының" үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың аяғында немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы сақтаулы. Сол сияқты "Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі" кітапханасынан табылып, табыс етіліп, кейіннен мүлдем жоғалып кеткен Ахмет Жүгінеки мұралары туралы да дерек бар. Анкарадағы табылған (кол. 4 бет), Берлиндегі Ғылым академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалары кең көлемде таралғанын дәлелдейді. 15 ғ. түпнұсқасындағы фотокөшірмесі, транскрипциясы, қазақ тіліндегі қара сөзбен жолма-жол және өлең түріндегі аудармасы 1985 жылы жарық көрді. Белгілі филологтар "Ақиқат сыйының" Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов қазақша тәржімасын жасаған.
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер