Ақкелін болысы - Сәтбай әулетінің өсіп-өнген жерінде патша үкіметі кезінде болған әкімшілік басқару органының атауы.
1833 жылы ашылғанда оған қараған халық 15 болысқа бөлінді. Бұл болыстар ру атымен аталды. Мысалы, Сәтбай мен Шорман ұрпақтары енген. Ал болыс шекаралары белгіленбеді. 1868 жылғы «Жаңа мизам» (заң) бойынша округтер жойылып, Қазақ елінің Орта жүзі облыстарға (Ақмола, Семей), облыстар уездерге (Семей облысында - Павлодар, Өскемен, Семей, Көкпекті, Қарқаралы, Зайсан), уездер болыстарға (Павлодар уезіне 14 болыс қараған), болыстар нөмірлермен белгіленген ауылдарға бөлінген.
Болыстар бұрынғы ру атауларымен емес, жер атауларымен аталады. Павлодар уезіне қараған болыстардың біріне Ақкелін аты беріледі. Бұл жолы болыстардың шекарасы белгіленеді. Ақкелін болысына шығысында Ащысу өзенінің бас жағы, батысында Шідерті өзенінің бас жағы, оңтүстігінде бүгінгі Қарқаралы - Баянауыл аудандарының шекарасы, солтүстігінде - Баянауыл кентімен батысқа қарай тартылған параллель сызық арасы қамтылады. 1913 жылғы санақ бойынша осы жерді 1460 адам мекендеген. Болыс 12 ауылға бөлінген. Оның 1-ауылында Сәтбай әулеті өсіп-өнген.
Дереккөздер
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер