Ақмешіт — көне бекініс орны. Қазіргі Қызылорда қаласының орнында болған. Бекініс 1817 жылы салынған. А.И.Добросмысловтың дәледеуі бойынша Ақмешіт бекінісін Қоқан ханы салғызған. Бекініс жобасы шаршы, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекініс сыртынан ені 10 м ор қазылған. Ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2-қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Бекініс орыс әскерлері келген кезден “Перовск форты” болып аталған (қ. Ақмешіттің ойрандалуы). Қазан көтерілісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді. Сырдария облысының уездік орталығына айналды. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер