Ақсары жуантамыр (лат. Rindera ochroleuca ) – айлауықтар тұқымдасына жататын жуантамыр түрі. Қазақстанда Балқаш-Алакөл ойысында Ақсу, Лепсі, төменгі ағыстарындағы құмдарда өседі. Бұтақтала өскен сабағының биіктігі 60 – 65 см келеді. Тамыр жапырақтары ірі, ұзындығы 20 см, ал сабақ жапырақтары ұсақ бүтін жиекті 2 – 4 см-дей болады. Ақсары түсті гүлдері қалқан тәрізді сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Табиғи жайылымдарды ретсіз пайдаланудың салдарынан бұл сирек кездесетін өсімдік түрінің жойылып кету қаупі бар. Сондықтан Ақсары жуантамыр қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Ақсары жуантамыр | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||
Rindera ochroleuca Kar. & Kir. |
Ішкі сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы 7- том, ҚР табиғаты
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер