Ақтасты — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Тәттімбет ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Ақтасты | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 50°09′12″ с. е. 76°39′46″ ш. б. / 50.15333° с. е. 76.66278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°09′12″ с. е. 76°39′46″ ш. б. / 50.15333° с. е. 76.66278° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1934 |
Уақыт белдеуі |
|
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▼389 адам (2021) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 09 |
Ақтасты шекарасы |
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODFMelZtTDBScGMyRnRZbWxuWDJkeVlYa3VjM1puTHpJeWNIZ3RSR2x6WVcxaWFXZGZaM0poZVM1emRtY3VjRzVuLnBuZw==.png)
Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 116 км-дей жерде.
Тарихы
Іргесі 1934 жылы Жаңа негіз, Қызыл ту ұжымшарлары негізінде құрылған. 1959 жылы ұйымдастырылған «Ақтасты» кеншарының орталығы болды. Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыттары - қой және етті мал шаруашылығы. Жерінің жалпы ауданы — 133 мың га. 1844 жылы Қу тауындағы Түндік өзенінің оң қапталынан Қазақстанда ең тұнғыш металлургия зауыты (Благодатно-Стефановск зауыты) салынған. 1844-1861 жылдары қорғасын, алтын аралас қара мыс өндірген. Қазіргі уақытта ауылда 14 шаруа қожалығы жұмыс аткарады (2006).
Халқы
1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1050 | ▼666 | ▼389 | 58,4 | 327 | ▼205 | 62,7 | 339 | ▼184 | 54,3 |
Инфрақұрылымы
Мектеп, ОДА, клуб, 2 кітапхана, пошта байланыс торабы жұмыс жасайды. Бұл жерде атақты күйші Тәттімбет Қазанғапұлы дүниеге келген. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.
Дереккөздер
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер