«Ақ желкен» — жасөспірімдерге арналған республикалық журнал.
«Ақ желкеннің» қысқаша тарихы:
- 1925 жыл. Қазақ автономиялық республикасының астанасы Орынборда қазақтың тұңғыш рет балалар журналы – «Пионердің» алғашқы саны жарық көрді.
- «Пионер» – қазақ балалар әдебиетінің көшбасшысы, әдебиеттің осы саласы қалыптасқан қарашаңырақ. Журналдың алғашқы сандарынан бастап Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сияқты әдебиетіміздің алыптары автор болды, ондаған ақын-жазушыларымыз шығармашылық жолын «Пионер» беттерінен бастады.
- 1931 жыл. Қызылордада «Екпінді жас» деген атпен қайта шыға бастаған журнал сол кездегі пионер ұйымдарын ел өміріндегі ең қажетті істерге жұмылдырылды.
- 1937-1939 жылдар. Журнал «Вожатый көмекшісі» деп аталып, өзінің бастапқы бағытын жалғастырды.
- 1939-1941 жылдар. Журнал беттерінен уақыт лебі сезіледі. Негізінен әдеби басылым болған «Пионердің» басты назар аударған мәселесі – балалардың еңбекке араласуы, Отан экономикасы мен қорғаныс күшін нығайтуға қосар үлесі және әскери-патриоттық тәрбие болды.
- 1946-1958 жылдар. Ұлы Жеңістен соңғы еңбектегі ерліктерге толы бұл жылдары да «Пионер» өзінің ұйымдастырушылық, тәрбиелік рөлін риясыз атқарды.
- 1978 жылы «Пионер» қайтадан шыға бастады.
- 1991 жылы «Ақ желкен» атауы берілді.
«Ақ желкен» («Пионер») журналының әр жылдардағы бас редакторлары:
- 1925 жылы Ерғали Алдоңғаров тұңғыш бас редакторы болды.
- 1939 жыл - Рамазан Амангелдин.
- 1940 жыл - Хасен Сейілханов.
- жылы белгісіз - Сәкен Дайырбеков.
- 1946 жыл - Нұрхан Ахметов.
- 1946-1952 жыл - Төкен Әбдірахманов.
- 1952-1955 жыл - Серік Қирабаев.
- 1955-1959 жыл - Рахметолла Ыдырысов.
- 1978-1996 жыл - Фариза Оңғарсынова.
- 1996-2002 жыл - Мағира Қожахметова.
- 2002-2011 - Нұрғали Ораз.
- 2011-2015 - Жүсіпбек Қорғасбек.
- 2015-2021 - Балжан Мұратқызы.
- 2021 жылдың ақпан айынан бері - Есей Жеңісұлы.
Айына бір рет шығады. Журналда тарихи, ғылым-танымдық, тәрбиелік мәні мол мақалалар, сондай-ақ талапкер жасөспірімдердің — мектеп оқушыларының өлең-жырлары, әңгіме, хикаяттары ұдайы жарияланады.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер