Ақ қабық (лат. sclera) — орташа қалыңдығы 0,4-0,6 мм, қалыптасқан тығыз дәнекер ұлпасынан құралған көздің сыртқы талшықты (фиброзды) қабығының ақ түсті тығыз бөлігі. Ол көздің 4/5 бөлігін құрайды. Ақ қабық бір бағытта параллельді тығыз орналасқан коллаген талшықтарының шоғырлары мен олардың аралықтарындағы қатарласып жатқан құралған. Ақ қабықтың қасаң қабықпен шекарасындағы аймағында, коллаген шоғырлары аралықтарында бір-бірімен тарамдала байланысқан қуыстар болады. Олар ақ қабықтың веналық қойнауларын (шлемм өзектерін) түзеді. Көздің ақ қабығы алдыңғы жағынан көздің кілегейлі қабығымен қапталған, ал оның артқы бетіне көз бұлшықеттері бекиді.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODVMemxpTDBWNVpWOXpZMmhsYldWZmJYVnNhWFJzYVc1bmRXRnNMbk4yWnk4eU1qQndlQzFGZVdWZmMyTm9aVzFsWDIxMWJHbDBiR2x1WjNWaGJDNXpkbWN1Y0c1bi5wbmc=.png)
- Ақ қабық
- тамырлы қабық
- нұрлы қабықтың түбірі
- қасаң қабық
- нұрлы қабық
- қарашық
- көздің алдыңғы қуысы
- көздің артқы қуысы
- көз бұршағы
- торлы қабық
- көру жүйкесі
- зонуляр талшықтар
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл.
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер