А-Корунья ( ресми A Coruña, ресми емес исп. La Coruña) — Испания мемлекетінің солтүстік-батысында орналасқан қала, шипажай және кемежай. Галисия автономиялық бірлестігінің құрамына енетін Ла-Корунья провинциясының әкімшілік орталығы. Ла-Корунья қаласы тұрғындарының саны 2009 жылғы санақ бойынша 246 056 адамды құраған.
Қала | |||
A-Корунья | |||
A Coruña | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Провинция | |||
Алькальд | Хавьер Лосада | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 43°22′ с. е. 8°23′ б. б. / 43.367° с. е. 8.383° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°22′ с. е. 8°23′ б. б. / 43.367° с. е. 8.383° б. б. (G) (O) (Я) | ||
Бұрынғы атаулары | Круния | ||
Жер аумағы | 37,83 км² | ||
НУМ биіктігі | 0 м | ||
Уақыт белдеуі | , жазда | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 246 056 адам (2009) | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Пошта индексі | 15001-15011 | ||
A-Корунья шекарасы | |||
Ортаққордағы санаты: A-Корунья |
Географиясы
Ла-Корунья қаласы Атлант мұхиты жағалауын бойлай созылып жатыр.
Тарихы
ІІ ғасырда Ла-Корунья мүйісінде римдіктер шамшырақ тұрғызады,бүгінгі таңдағы Геркулес мұнарасы.991 жылы Сантьяго-де-Компостелаға бара жатқан қажылар келгеннен соң мұнда кемежай пайда болады.XIII ғасырда патша тапсырмасы бойынша кемежайдың айналасындағы елді мекен қайта салынып,Круния деген атау алады.1588 жылы Ла-Корунья портынан "Жеңімпаз армада" деп аталатын соғыс кемелерінің үлкен құрамасы шығады,осы құраманың жеңілісінен кейін қала теңіз қарақшысы Френсис Дрейктің шабуылына тап болады. XVI—XVII ғасырларда Ла-Корунья "Жаңа дүние" деген атпен испан саудасының маңызды орталығына айналады.1809 жылы қаланы Напалеонның әскері жаулап алады.Содан ағылшын генералы Джон Мурдың жасағы қаланы француз әскерінен босатып алады.
Экономикасы
Бүгінгі таңда Ла-Корунья қаласы Галисия ауданындағы ең бай алқап.Қаланың кемежайы,мұнай өңдеу өнеркәсібі,алюминий өнеркәсібі,кеме жасау өнеркәсібі,азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі жылдан-жылға дами түсуде.Қару-жарақ өндірісі мен балық аулау кәсібі қаланың маңыздылығын одан әрі көтеруде.
Қаланың назар аударарлық орындары
- Геркулес мұнарасы Ла-Корунья мүйісінің батысында орналасқан
- Көне қаланың орталық алаңы Мария-Пита алаңы болып саналады
- Риас-Альтас шипажайы көптеген тамаша қонақүйлері бар және құмды жағажайлы Галисияның атлантикалық жағалауы болып саналады
- Қаланың көз тартарлық жерлерінің бірі - Санта-Барбара және Санто-Доминго монастырлары
- Сан-Карлос бақшасында Ла-Корунья қаласын француздардан құтқарушы ағылшын генералы Джон Мур жерленген
- Сан-Антон сарайы
- Ла-Корунья ратушасы
-
- Генерал Джон Мурдың бейіті
Сыртқы сілтемелер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер