Баба - баланың атасының атасы, яғни бабасы — жеті атасына қатысты туыстық атау.
![image](https://www.wikidata.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud2lraWRhdGEua2sta3oubmluYS5hei9pbWFnZS9hSFIwY0hNNkx5OTFjR3h2WVdRdWQybHJhVzFsWkdsaExtOXlaeTkzYVd0cGNHVmthV0V2WTI5dGJXOXVjeTkwYUhWdFlpODNMemM0THlWRU1DVTVRU1ZFTVNVNE15VkVNU1U0TUNWRU1TVTROeVZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDUVNWRU1DVkNRaVZFTUNWQ01DVkVNU1U0TUY4dFh5VkVNeVU1T1NWRU1DVkNNU1ZFTUNWQ09GOGxSREFsUWpFbFJEQWxRalVsUkRBbFFrSWxSRE1sT1RrbFJEQWxRa1JmSlVRd0pVSXhKVVF3SlVJd0pVUXdKVUl4SlVRd0pVSXdKVVF3SlVJNUxtcHdaeTh5TWpCd2VDMGxSREFsT1VFbFJERWxPRE1sUkRFbE9EQWxSREVsT0RjbFJEQWxRakFsUkRBbFFrRWxSREFsUWtJbFJEQWxRakFsUkRFbE9EQmZMVjhsUkRNbE9Ua2xSREFsUWpFbFJEQWxRamhmSlVRd0pVSXhKVVF3SlVJMUpVUXdKVUpDSlVRekpUazVKVVF3SlVKRVh5VkVNQ1ZDTVNWRU1DVkNNQ1ZFTUNWQ01TVkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNPUzVxY0djPS5qcGc=.jpg)
Дәстүрлі ортада қолданылатын баба сөзі өзінің түпкі мағынасы - туыстық қатынасты білдіретін атау ауқымынан кеңейіп, туыс болмаса да, ақыл-парасатымен ел құрметіне бөленген, ақылшы болған, ұрпаққа жақсы үлгі-өнеге қалдырған үлкен жастағы данагөй қарияларды да баба деп атау дәстүрге айналған. Ондай жандарды бүкіл әулет, ұрпақ, ауыл-аймақ ардақ тұтады. Алыс сапарға аттанарда арнайы барып батасын алып, есен-сау оралған кездерде сәлем беріп, қошемет көрсетеді. Көп жасаған, көрген-түйгені мол қария адамдар - ел қазынасы. Оларды жазулы мұрағатына, сын сағаттарда жол көрсетіп, жөн сілтер ел серкесіне, ақыл-кеңес берер ақылгөйіне балап, елдің бірлігі мен қауым ішіндегі және қауымаралық қатынастардың ырғақты қызметін үйлестіруші, оның нормалары мен дәстүрлі қалыптарының бұзылмауына кепіл бере алатын «тұлға» ретінде санаған.
- «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең;
- Үй сыртында төбең болса, ерттеп қойған атпен тең»;
- «Бабалар сөзі - ақылдың көзі» деген тұрақты тіркестер қазақ қоғамында бабалардың әлеуметтік мәртебесінің жоғары бағаланғандығының бір айғағы іспеттес.
Жеті ата ішінде баладан санағанда 3-буын ата деп аталса, одан арғы буындардың әрқайсысы баба деп аталады. Сонымен бірге осы арғы буындардың жалпы атауы - ата-баба.
Дәстүрлі қазақ ортада өзінің арғы тегін кие тұту, яғни, бабалар аруағына тәу ету көшпелілердің наным-сенімдерінің ең басты ерекшелігі болды. Тіпті, баба желеп- жебеуші пір ретінде де сыйынудың обьектісі болды. Фольклорлық дәстүрде баба бірде ұлы аруақ, бірде пір образында әспеттелінді. Мысалы, Қыдыр баба, Баба Түкті Шашты Әзіз адамды қиындықта қолдаушы аруақ, әрі желеп-жебеуші пір деген сияқты.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. -
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер