Базаралы Қауменұлы (1833-87) - Абайдың әкесі Құнанбаймен тартысып, айтысқан адам. Руы - Тобықты ішінде Жігітек. Абай оны билеуші топтан жапа шеккен халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, ешкімнің ызғарынан ықпай, қарсы тұрған өжеттігі, ер мінезі үшін құрмет тұтқан. Құнанбай Базаралыны Жігітек руының көп адамымен бірге қылмысқа тарттырып, інісі Балағазбен қосып итжеккенге айдатып жіберген. Балағаз сонда өлген. Базаралы 1882 ж. қашып келген. Құнанбай тұқымымен қайта жауласып, бір түнде Тәңірбердінің бір үйір жылқысын шауып алып, қырып тастайды. Базаралы айдаудан қайтқанда, амандасуға барған бір топ кісінің ішінде Көкбай ақын да болады. Сөз реті келгенде Көкбай:
- «Алашқа абыройың әлі дардай,
- Келбетің қырық пұт тартқан қара нардай.
- Сипаттап бұдан дағы айтар едім,
- Тұрмын ғой жарияға жарай алмай», -
дейді. Сонда Базаралы «Айтайын десе Абайдан, айтпайын десе менен именіп түр екен. Сенің осың бәрінен артық болды», - деп, ризашылығын білдіреді. Бұдан Абайдың Базаралы бойындағы кейбір қасиеттерін ұнатпайтыны, сондықтан да Көкбай ақынның Базаралыны бастан-аяқ түгелдей мақтауға жүрегі дауалай алмай тұрғаны көрінеді. Базаралының ерлігі, сын-сипаты М. Әуезовтің «Абай жолы» романында жан-жақты суреттелген. Базаралының сүйегі Көлденең қыстағына қойылған.
Дереккөздер
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер