Базофильді зат (substantia ba-sophilia; лат. substantia - зат, грек, basis - негіз, рһіііа — жақсы көру) - жүйке жасушасы — нейроцит цитоплазмасындагы негіздік бояулармен (тионин, көк толуидин, көгілдір крезил т.б.) көкшіл түске боялатын, пішіні мен мөлшері әртүрлі түйіршік тәрізді дәншелер. Базофильді зат — денесінің (перикарионның) және оның жүйке толқындарын (импульстерін) сырттан қабылдайтын өсінділері — дендриттерінің цитоплазмасыңда орналасады. Ал нейроциттің аксондык төмпешігі мен аксонының (жүике толқынын неироцит перикарионынан әрі қарай өткізетін жүйке жасушасының өсіндісі) цитоплазмасында базофильді зат болмайды. Электронды микроскоп арқылы базофильді заттың бір-біріне параллельді тығыз орналасқан гранулалы эндоплазмалық тордан түратындығы анықталды. Ал гистохимиялық әдіс - нейроцит цитоплазмасындағы базофильді заттың РНҚ-ға өте бай екендігін көрсетті. Базофильді зат — нейроциттегі протеиннің биосинтезі процесіне қатысу арқылы жүйке жасушасы перикарионы мен өсінділерінің цитоплазмасы массасының белгілі бір деңгейде тұрақты болуын қамтамасыз етеді.
Дереккөздер
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009.
Бұл мақаланы Уикипедия лайықты болуы үшін қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың . Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |